Қорғалжын ауданында «Жәнібек хан кесенесіндегі антропологиялық деректерді сәйкестендіру» ғылыми-зерттеу жобасының екінші кезеңі басталды.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мәліметі бойынша, ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында жазғы-күзгі кезеңге белгіленген негізгі жұмыстар атқарылады. Осы мақсатта археологиялық экспедиция жұмыс істеуде. Экспедицияның құрамында облыстық тарихи-өлкетану музейі, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің археолог мамандары бар.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.