Өсімпұл есептен шығарылады

Мемлекет басшысы пандемия кезінде азаматтарды қолдауға бағытталған 2020 жылдың 2 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының тиісті Заңына қол қойды.

Құжатта жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық туралы норма қарастырылған. Айта кетейік, 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған және оны төлеу күнінен кеш есептелген жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша өсімақылар есептен шығарылады. Салық бойынша негізгі борыш сомасын төлеу есептен шығарудың басты шарты болып табылады. Өсімпұл төленген салықтың түрі бойынша есептен шығарылады.
2020 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде төленуі қажет 2019 жылдың мүлік салығы мен жер салығы бойынша міндеттемелер қосылмайды. Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар