Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шынайы көңілдің белгісі - АРҚА АЖАРЫ

Шынайы көңілдің белгісі

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының волонтерлері медицина мекемелерінің ұжымдары мен ақ халатты абзал жандарға қайырымдылық көмегін көрсетті.

Волонтерлер этномәдени бірлестік өкілдерімен бірлесіп, Көкшетау қаласының №1 отбасылық денсаулық орталығына, сондай-ақ, вирустық белгілер анықталған пациенттермен тікелей жұмыс істейтін 10 көп балалы медицина қызметкерлерінің отбасыларына барып, оларға ұлттық тағамдар, жемістер, тәттілер салынған себеттерді табыс етті.
Акцияға облыстық өзбек ұлттық-мәдени орталығы, «Бари» армян этномәдени орталығы, «Чинсон» кәріс орталығы, «Хатиква» еврей орталығы, қазақ-түрік достығы орталығы, Ақмола облысының әзірбайжандар қауымдастығы өкілдері белсенді атсалысты.

***

Осындай қол ұшын Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының құрылымдық бөлімшелері облыстың басқа да тұрғындары мен медициналық мекемелеріне созып, мейірімділіктің үлгісін танытты.

Мәселен, өткен айда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы қайырымдылық акцияларын өткізу аясында Бурабай, Зеренді және Бұланды аудандарының тұрғындарына жалпы сомасы 650 мың теңгеге медициналық көмек көрсетті. Атап айтсақ, Бурабай ауданында облыстық ассамблеяның кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі, «Алтын-бидай» агропромхолдингінің басқарушы директоры Евгений Кононец Никольск ауылдық округінің тұрғындары үшін 200 мың теңге сомасына дәрі-дәрмек, вирусқа қарсы препараттар сатып алды. Бұланды ауданында кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері алты отбасына 50 мың теңгеден, Зеренді ауданында үш отбасына жалпы сомасы 150 мың теңге қаражатты дәрі-дәрмек сатып алуға берді.
Чуваш этномәдени орталығының жетекшісі, «Той-Дастархан» серіктестігінің директоры Елена Мащинская Көкшетау қаласындағы психикалық даму орталығына аталған мекеменің 25 пациентін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру үшін 500 мың теңге бөлді. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығы медициналық мекемелерге көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясын өткізу шеңберінде Көкшетау қалалық ауруханасы үшін су тазарту сүзгісін сатып алды. Оны аурухананың әкімшілігіне «Санги Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы Ақмола филиалының директоры Умар Шоназаров тапсырды.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар