Ақмола облысының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған «Экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы БАҚ рөлі мен міндеттері» тақырыбында онлайн семинар өтті.
Онлайн семинарға облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынан ішкі саясат бөлімдерінің, ақпарат саласының мамандары қатысты.
–Шараның мақсаты мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін насихаттау, экстремизм мен терроризмнің және діни алауыздық пен ксенофобияның алдын алу, – деді семинар модераторы, Ақмола облысының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық насихаттау бөлімінің басшысы Нұржан Мұратов.
Семинарға республикалық деңгейдегі сарапшылар қатысып, журналистерге дәріс берді. Сарапшы аналитик, дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі Ольга Гайко «Қазақстан Республикасындағы діни ахуалдың ерекшелігі мен даму тенденциясы», сарапшы, Нұр-Сұлтан қаласының діни мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушысы Асылбек Снадин «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау және жарықтандыру» тақырыптарында дәріс оқыды.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.