Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Меморандум цифрлық қызметті жетілдіре түседі - АРҚА АЖАРЫ

Меморандум цифрлық қызметті жетілдіре түседі

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының төрағасы Қуанышбек Есекеевпен кездесіп, облыс орталығы Көкшетау қаласында «Smart City» жобасын жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойды.

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы еліміздің ауылдық елді мекендерін кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны 2018 жылдың төртінші тоқсанынан бастап, іске асыра бастады. Осы жоба аясында барлығы 14,5 мың шақырымнан астам байланыс желісін салу жоспарланған. Бұл еліміздің 828 ауылдық елді мекенін кең жолақты интенет желісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді мамандар.
Қазіргі таңда еліміздегі шалғай ауылдарды интернет желісімен қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Жиында белгілі болғанындай, облысымыздың 18 аудан орталықтарына талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылған. Алайда, әлі де болса интернет байланысы нашар елді мекендер баршылық. Егіндікөл, Шортанды, Бурабай аудандарында бұл жұмысты ширата түсу қажет. Осы орайда, өңіріміздегі Целиноград ауданындағы Родина ауылы қай өңірге болмасын өзінің даму көрсеткіштерімен үлгі болып отыр. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, Целиноград ауданының Родина, Зеленый Гай және Садовое ауылдарында GPON желісінің құрылысы бойынша «Родина» агрофирмасы» жауапкершілгі шектеулі серіктестігімен бірлескен жоба жүзеге асырылған. «Smart village Родина» жобасын іске асыру жоғары жылдамдықты, интернет, бейнебақылау, теледидар, сондай-ақ, бизнесті ыңғайлы жүргізуге қажетті цифрлық қызметтерді қосуға мүмкіндік береді. Яғни, қазіргі таңда бұл ауыл 100 пайыз ғаламтор желісімен қамтылып отыр.
Жалпы, облыстағы орта білім беретін білім ошақтары 94,5 пайыз, медициналық мекемелердің 70 пайызға жуығы интернетпен қамтамасыз етілген. Жиын барысында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының мамандары «Smart Көкшетау» жобасымен де таныстырып өтті. Бұл жоба үш жылға жоспарланған. Жоба жүзеге асса, қаладағы коммуналдық қызметтерді кешенді есепке алу жүйесін автоматтандыруға, экологиялық мониторинг жүргізуге, қаладағы көшелер жарығын автоматты реттеуге, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар объектілер мен Көкшетау мемлекеттік мекемелеріне бейнебақылау жүйесін орнатуға болады.
Кездесу соңында өңір басшысы облыстағы ғаламтор желісін жетілдіріп, дамыту керектігін айта келіп, тиісті сала басшыларына міндеттер жүктеді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар