Серік Зәйкешұлы Смағұлов

Серік Зәйкешұлы Смағұлов

2020 жылдың 17 қазанында 62 жасқа қараған шағында Ақмола облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы Серік Зәйкешұлы Смағұлов ауыр науқастан қайтыс болды.
С.З.Смағұлов 1959 жылы 4 ақпанда Көкшетау облысы Чкалов ауданының Амандық ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп, 1986 жылдан бастап өз өмірін аймақтық журналистикаға арнады.
«Степной маяк», «Курс», «Любимый город» газеттерінің тілшісі және бас редакторы, «Оқжетпес» газетінің коммерциялық директоры болып он жылдан астам уақыт қызмет атқарған Серік Зәйкешұлы оқырмандар мен әріптестері арасында құрметке ие болды. Ол сондай-ақ, облыс әкімінің баспасөз хатшысы ретінде абыройлы қызмет істеді.
Ұзақ жылдар бойы адал да жемісті еңбек еткен С.З.Смағұлов осы кезеңде өзінің іскерлігі, адамгершілік қасиеттерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Барлық лауазымдарда ол өзін ең алдымен, сенімді серіктес, адал дос және тәжірибелі әріптес ретінде көрсетті. Серік Зәйкешұлының таланты мен еңбектері жоғары бағаланды. Оның марапаттарының қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, мерейтойлық медальдар және мемлекеттік құрылымдардың көптеген алғыс хаттары бар. Белсенді азаматтық позицияға ие бола отырып, ол өзі басқарған мерзімдік басылымдарда сауатты және көреген көшбасшы бола білді.
Облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы ретінде С.З.Смағұлов журналистер үшін шығармашылық қолайлы жағдайлар жасап отырды, басылымның сапалы және үздіксіз шығуына ұжымды шебер жұмылдыра алды. Журналистердің жас буынына үлкен көңіл бөлді.
Аймақта мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін газет бетінде жазып, көрсетуде үлкен жауапкершілік танытып, өзіне жүктелген сенім үдесінен абыроймен шыға білді.
Серік Зәйкешұлы әрдайым уақытпен бірге тыныстайтын ашық, мейірімді, қайырымды адам болатын. Осы бір ауыр сәтте марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Серік Зәйкешұлы Смағұловтың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Ақмола облыстық әкімдігі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *