Димаш Таласбаев – құрметті профессор

Жақында Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Агродаму басқармасының бастығы, профессор Сәуле Темірбек бастаған бір топ ғалымдары Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен, жергілікті атқару органдарының өкілдерімен кездесті.

Ағымдағы жылдың 17 шілдесіндегі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғалыми кеңесінің шешімімен ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы ұзақ жылдардағы еңбегі үшін Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаевқа университеттің Құрметті профессоры атағы берілген болатын.
Сәуле Қаюмқызы Димаш Аманжолұлына салтанатты түрде «Құрметті профессор» атағының дипломы мен куәлігін және төсбелгісін, сондай-ақ, оқу орнының Алғыс хатын тапсырды.
Сондай-ақ сол күні Сәуле Темірбек жиналғандар алдында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Қазіргі заманғы технологиялар мен инновациялар енгізу мәселесіне тоқталып, жиналғандардың сұрақтарына тұшымды жауап берді.
Совет БАЛТАБАЙ,
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар