Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өтініш-тілектерін айта келді - АРҚА АЖАРЫ

Өтініш-тілектерін айта келді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жеке мәселелерімен келген тұрғындарды қабылдап, олардың өтініш-тілектері мен мұн-мұқтаждарына назар аударды. Қабылдау барысында келушілер көтерген әрбір мәселе мұқият тындалып, заң аясында шешімін табу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылатын болды.

Бурабай ауданындағы «Белгібай» шаруа қожалығының басшысы Орынбай Омаров «Атамекен» ауылдық округінде мал өсірумен айналысатын көрінеді. Ол жалға алу құқығымен жер учаскесін алған. Алайда, жайылымға және мал азығын жинауға 108 гектар жер жеткіліксіз екеніне
алаңдаулы.

Осыған орай, онлайн режимде желідегі әңгімеге қосылған Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев:

– Ауданда бос жатқан жер жоқ, бірақ, пайдаланбаған, жергілікті серіктестіктің біріне тиесілі жер бар. Бұл шаруашылықты қазіргі мораторийге байланысты тексеру мүмкін емес, – деп түсіндірді. Өз кезегінде облыс әкімі:

– Олай болса, сол серіктестіктің өкілін шақырыңыз, біз игі бастамаға көмектесу үшін келісімге келуге тырысамыз, – деді.

Дәл осыған ұқсас мәселемен келген жеке кәсіпкер Манат Көшкенов 80 бас сиыр ұстау үшін Станционный кентінің сыртындағы базды ұйымдастырған. Сондықтан, «маған мал жаюға, жемшөп жинауға жер керек, техниканың бәрі бар. Тек жақын маңдағы жерлер түгел жыртылған. Мұндай жағдайда қалай жұмыс істей аламын?» дейді. Облыс әкімі бұл мәселені Зеренді ауданының әкімдігіне бақылауға алуды тапсырды. Астаналық кәсіпкер Нұрлан
Мейрамов та өзінің туған жері Сандықтау ауданы Дородинка ауылында мал фермасын ашуға жер телімін беруді сұрайды. Зейнеткер Рая Көшенова және онымен бірге тұрып, жалғыз өзі бір баланы тәрбиелеп отырған қызы Қымбат уақытша баспана алуға өтініш білдіреді. Өйткені, оның
бұрынғы жатақханадағы шағын бөлмесі көршілерінде шыққан өрттен бүлінген екен. Бұл жағдай жандарын күйзелтіп тұрғаны сөйлеу мәнерінен-ақ аңғарылады.

Алайда, белгілі болғанындай, Қымбат Көшенова пәтер алудың кезегінде 1286-шы болып тұр. Бұл тұрғыда «Біз қолданыстағы заңнаманы айналып өте алмаймыз», – деп түсіндірген облыс әкімі Көкшетау қалалық әкімдігіне жағдайды комиссияда қарауды тапсырды.

Одан әрі облыс әкімінің қабылдауына келген облыстық балалар ауруханасының рентгенологы Қайрат Балтабаев өзінің тұрмыс жағдайын:

– Мен Көктем шағын ауданында медициналық ұйымның жалдау келісімшарты бойынша отбасыммен тұрып жатырмын. Осы пәтерді 2009 жылдан бастап сатып алуға рұқсат етілген еді. Бірақ, тұрғын үйдің құны, тәуелсіз бағалау бойынша 13 миллион теңгеден асады. Бұл сома мен үшін өте ауыр, – деп жеткізді. Осы орайда, «Алты айдан соң қайта бағалау болады. Сол кезде Қайрат Нұрмашұлы пәтерді қалдық құны бойынша сатып ала алады», – деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сүлен Ілиясов.

Бұл күні Көкшетаудағы «Бурабай» спорт мектебінің өкілдері де әкімшілікпен туындаған еңбек дауына байланысты әкімнің қабылдауында болды. Сөйтіп, хатта жазылған және ауызша айтылған фактілерді зерттейтін комиссия құрылатын болып шешілді.

Сонымен қатар, «Green Garden» мейрамханасы мен «Арай» кафесінің иелері Сәния Абрахманова мен Азар Мирзаев тағы да ақмолалық қоғамдық тамақтандыру орындары өкілдерінің өтініштерін білдіре келді. Олардың айтуынша, карантиндік шаралар қызметтеріне нұсқан келтіруде. Табыстың
азаюынан қызметкерлер мен банктердің алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындай алмау мәселесі туындауда.

Облыс әкімі мұның коронавирустың екінші толқынына байланысты орын алып отырған жағдай екенін, өңірлік кәсіпкерлер палатасында бұл мәселенің
ұдайы талқыланатынын айта келе, дәмханалар мен мейрамханалардың үйге жеткізіп беру режимінде жұмыс істеуі үшін уақыты көрсетілетін жаңа санитарлық қаулы дайындалып жатқандығын, ал, әзірше туындаған жағдайға түсіністікпен қарауларын жеткізді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар