8 қазан күні Тараздағы орталық стадионда Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында белгілі жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Қилы жол» тарихи драмасы зор табыспен қойылды.

Қазақ хандығының негізі қаланған өңірде өткен драмада Талас пен Шу өзендерінің арасында Керей мен Жәнібек сұлтандар құрған қазақ хандығының шежіресі сахналанды. М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры қойған және 550 әртіс қатысқан бұл қойылымды автор мен осы ұжымның Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойға өзіндік тартуы десе болады.
Бір сағатқа созылған спектакльде Жәнібек пен Керейдің Әбілқайыр ханнан бөлініп, азаттық пен бостандықты арман еткен қалың қазақты соңынан ертіп, бір тудың астына жинаған кезеңі бейнеленді. Бұл көріністер қазақ ұлыстарының Керей сұлтанды ақ киізге отырғызып, хан көтеріп, тарих сахнасына қазақ хандығы келген сәтке ұласады. Дала жауынгерлерінің ұрыстары, ақын-жыраулардың мақамдары және ұлттық дәстүрмен әрленген спектакль орталық стадионға лық толған тараздықтар мен мерейтой қонақтарын ерекше тебіреніске бөлеп, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының айтулы бір шарасы ретінде көпшілік есінде қалатын болды.
А.Есали.   

Редакциядан
Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің ұжымы осы басылымның бұрынғы бас редакторы, белгілі қаламгер, Парламент  Сенатының депутаты Жабал Ерғалиевті көне Тараз қаласының төрінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қилы жол» тарихи драмасының қойылуы қуанышымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта  да биік белестер мен жаңа шығармашылық табыстар тілейді. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар