Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды саласының бірі – электр энергетикасы болып табылады. Біздің елімізде электр энергетикасын дамытудың ұзақ жылдарға арналған арнайы бағдарламасы бар. Тәуелсіз Қазақстанның энергетикасын дамыту жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында осы саланы дамыту қажеттігіне айрықша көңіл бөлді.
Биылғы жылдың алдын ала жасалып отырған қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстарғанда экономиканың барлық саласында өсім байқалып отыр. Бұған біздің өңірдің энергетика саласының барлық қызметкерлері өздерінің зор үлестерін қосты. Жыл басынан бері коммуналдық-тұрмыстық сектордың, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардың
2 мыңнан астам қазандықтары жөнделді. Жылу беретін және жылу тарататын желілерді жөндеу мен қайта жабдықтауға қаржы бөлініп, Ерейментау, Ақкөл қалаларының, Бурабай, Шортанды, Зеренді кенттерінің қазандықтары қайта жабдықтаудан өтті. Астрахан селосында жылу қазандығы, Макинск қаласында модульді қазандық салынды. Көкшетау, Ерейментау қалалары, Краснояр және Астрахан селоларында жылумен қамтамасыз ету желілері салынып, қайта жабдықтаудан өтті.
Осы жобаларды биылғы жылы жүзеге асырудың нәтижесінде көп қабатты және жекеменшік 500-ден астам тұрғын үйлер, әлеуметтік саланың 31 нысаны жылу желілеріне қосылды. Сонымен бірге, елді мекендерді жылумен қамтамасыз ету сапасы жақсара түсті.
Бүгінгі заманның талабына сай электр энергетикасын дамытудың осы заманғы технологиялық көздерін пайдалану ойдағыдай жүзеге асырылып келеді. Соңғы уақытта облыс бойынша жел күшін пайдалану арқылы электр қуатын өндіру ісі батыл қолға алынып, бұл орайда алғашқы қол жеткізген нәтижелеріміз де бар. Ерейментау ауданында, Краснояр селосында желдің қуатымен электр энергетикасын өндіру жобалары жүзеге асырылды. Целиноград ауданындағы күн қуаты электр станциясының қуаты арттырылды. Жел мен күн энергетикасын пайдалану жұмыстары одан әрі жүргізілетін болады.
Қазақстан экономикасын дамытудың басты саласы болып табылатын энергетика болса, осы саланың барлық қызметкерлерін бүгінгі төл мерекелерімен құттықтаймын! Баршаңыздың отбастарыңызға амандық, бақыт пен жақсылықтар тілеймін. Мереке құтты болсын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар