2021 жылға арналған жұлдыз-жорамал

Жаңа 2021 жыл  12 жылдық цикл бойынша Сиыр жылы. Әдетте, жемісті әрі кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын мықты жыл есебінде аталады. Дегенмен, бұл жылдың қиындықтары мен қырсықтығы да жоқ емес. Алайда, жыл атауы табандылыққа, қайраттылыққа жетелейтіні тағы бар. Сондықтан, астрологтар 2021 жылдың жақсы жыл болатынына сенімді. Бұл жылы адамдардың өмірінде жақсы оқиғалар орын алып,  бірқатар жетістіктерге қол жеткізеді екен. Сондай-ақ, көптеген жұлдызнама белгілері өңірлеріндегі шешімін таппай жүрген түйткілдерді дәл осы жылы шеше алады. Ал, жаңа жыл шешімді әрі қайтпас қайсар адамдар үшін олжалы әрі  берекелі жыл болары сөзсіз. Енді әрбір жұлдызнама белгісіне арналған қысқаша жұлдыз-жорамалды оқырман назарына ұсынамыз.

ТОҚТЫ. Жылдың басында ішкі жан дүниеңізге  арқа сүйеп, жылдың берекелі кеңестерін қабылдай білу сіз үшін маңызды болмақ. Бұл уақытта өзіңіз түсіне бермейтін мәселелермен бетпе-бет келіп, өзіңіз және басқа адамдар туралы көп нәрсеге қанық боласыз. Қаңтар, ақпан айларында өзіңізді дамытып, бойыңыздағы кемшіліктермен күресуіңіз керек. Барлығы алдағы уақытта бәсекеге қабілетті болу үшін қажет. Көктем мезгілі қаржы жағынан сіз үшін жайлы уақыт болады. Сіз жаңа жұмыс немесе қолыңыздан келетін қызметіңізбен айналыса жүріп, табыс табуға мүмкіншілігіңіз болады. Бойыңыздағы қабілеттер мен артықшылықтардың арқасында бірнеше ұсыныстарға ие болып, соның арасынан өзіңізге жақын біреуін таңдауыңыз мүмкін. Жаз мезгілінің бірінші айы да сіз үшін қолайлы болмақ. Бұл уақытта да жұлдыздардың қолдауы байқалып, жағымды өзгерістер болады. Осы кезде өміріңізге өзгеріс енгізіліп келсе, табандылықпен әрекет етіңіз. Интуицияңыз сізге еш  қателеспейтініңізді білдіреді. Күз айы жақындаған сайын жағдайларыңыз күрделене бастауы мүмкін. Дәлірек айтқанда, тамыз айларында уайымға салынып, бойыңызды үрей бейлей бастайды.
***
ТОРПАҚ. Жыл басында ойыңызға келген бастамаларға мән беруге кеңес беріледі. Бұл тым батыл, орындалуы мүмкін емес және біртүрлі болып көрінуі мүмкін. Дегенмен де, бұл жай ғана сіздің қорқынышыңыз. Оларды жүзеге асыруға бірнеше қадам жасап көріңіз. Сонда барлығы бекер емес екенін ұғасыз. 2021 жылдың алғашқы айларында-ақ торпақтар өздерінің алдына жаңа мақсаттар қояды. Сөйтіп, көктемде жүзеге асыра бастайды. Дегенмен, сәттілікке жету оңай емес.  Алғашқы қадамдар сәтсіз шығып, сол қателіктерді түзетуге біраз күш салуыңыз мүмкін. Маусым айынан жақсы өзгерістер белең алады. Жаз мезгілі көптеген торпақтарға үлкен мүмкіндіктерге есік ашады. Шілде мен қыркүйек айлары арасында да жағымды оқиғалар болады. Кейбір торпақтар бұрынғы қателіктерінен сабақ алуға тырысады.  Олардың жыл соңына дейін атқарылуы тиіс шаруалары шаш етектен болады.
***
ЕГІЗДЕР. Жылдың басы жеңіл әрі қызықты басталады. Көптеген егіздер өз өміріне өзгерістер енгізудің мүмкіндіктерін байқап, жаңа бағытта әрекет ете бастайды. Алайда, орын алатын жағдайлар сіз күткендей өрбімеуі мүмкін. Есіңізде болсын, жоспарларыңыз неғұрлым икемді болса, соғұрлым сәттілікке жету мүмкіндігіңіз көп болады.  Көктемде өзгелермен ортақ тіл табу аса оңайға соқпайды.  Жеке өміріңізде де, іскерлік өміріңізде де шиеленіскен жағдай белең алады.  Дегенмен де, бұл кезеңді нашар  деуге болмас. Сіз өз мәселелеріңіздің шешімін тауып, орын алған жағдайлардан шығатын амалды табасыз. Жаңа қалыпқа барлық егіздер бірден үйреніп кетпейді. Жаздың басы мен күздің ортасы егіздер үшін жайлы кезең. Жұмыста, оқуда, шығармашылығыңызда әжептәуір жетістіктерімен көрінесіз. Ең қызығы оған аса күш сала қоймайсыз. Көп нәрсе сіз ойлағаннан да жеңіл орындалады.
***
ШАЯН. Жылдың басы көптеген оқиғаларға, кездесулерге толы. Сіз жаңа дүниелерді қолға алып,  ауқымды әрі күрделі жобаларға кірісе аласыз. Алайда, мынаны ескеруіңіз керек. Өзгелердің қолдауына қаншалықты аз үміт артсаңыз, соншалықты нәтижеге жетесіз. Яғни, өзгелердің жиі қолдау көрсетуін сұрамағаныңыз жөн. Бұл орайда өзіңіз ойламаған адамдардың қолдау білдіруі ықтимал. Көктемде сізді қызықты танысулар күтіп тұр. Басы бос шаяндарды романтикалық сезімнің қызығы мен шыжығы тосып тұр. Сол көктемде кейбір шаруаларыңызда кідірістер байқалады. Алайда, сіз қиындықтарды дереу еңсеріп, жол таба алатын боласыз. Көптеген шаяндар көктем айларында шабыттанып, бұрын байқамаған қабілеттері ашылып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Мамыр айында жарқын әрі көңілді кезең басталады. Бұл кезең жұмысқа, білім алуға және кішігірім саяхаттауға қолайлы. Ерекше қызығушылық оянады.  Көптеген шаяндар өмірінде өзгерістер орын алады. Күзде де бірқатар оқиғалар орын алады.  Көптің назарында болып, ерекше ұсыныстар түседі.
***
АРЫСТАН. Қаңтар, ақпан айлары өзгерістерге толы. Бұл өзгерістер сырт көзге байқалмағанымен сіз үшін маңызды. Ол кезеңде айналаңыздағылармен қарым-қатынас бұрынғыдай болмайды. Олар сізге басқа көзқараспен қарап, істеріңізді талқылайды. Арыстанның жаңа достары, серіктестері пайда болады. Көптеген адамдар олармен жақсы тәжірибелерімен бөліседі. Бұл жағдайда өзгелердің кеңесінен бас тартпағаныңыз жөн. Көктемде жаңа жоспарларыңызбен жүзеге асырылатын идеялар пайда болады. Сол кезде кеңес сұрайтын адамдарыңыз болғаны жөн. Мамырда жайлы болмақ. Ол кезеңде кішігірім сапарлап, көптен көріспеген адамдармен жолыққаныңыз жөн. Маусым айында барынша мұқият болғаныңыз дұрыс. Тамыз айындағы бастаған тірлігіңіз жылдың соңына дейін жалғасады. Бірақ, дер кезінде шаралар қолданасыз. Арыстандар түйткілді мәселелердің шешімін дәл таба алады.
***
БИКЕШ. Алдыңызға нақты әрі шамаңыз жететіндей мақсат қоя біліңіз. Сіздің қарсыластарыңыз өздері-ақ беріліп, жағдайыңыз жеңілдейді десеңіз, қатты қателесесіз. Егер жыл басынан бар күшіңізді жұмысқа жұмсасаңыз, көптеген жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз. Өзгелердің босаңсып жүргеніне қосылушы болмаңыз. Кез-келген шаруаны атқару барысында темірдей тәртіп пен жинақылық қажет. Осы қасиетіңіздің арқасында өзгелердің қол жеткізе алмағанына оңай жетесіз. Алғашқы айларды ұзақ мерзімді жоспар құруға жұмсасаңыз болады. Күтпеген оқиғалар орын алады. Жоспарларыңыз кез-келген  жағдайда икемді болу керек. Егер жолыңыз болмаған жағдайда артқа шегіне тұрып, қосымша нұсқаны пайдаланыңыз. Жаз айының соңынан мол тәжірибе жинақтап, кей шешімдерді оңай қабылдайтын боласыз.

ТАРАЗЫ. Жыл басынан мерекелерді тойлаймын деп тым ұзақ үзіліс жасасаңыз, жұмысқа бірден кіріскеніңіз абзал. Қаңтар мен ақпан айлары осы жылды тұтастай сипаттай алады. Наурыз айында өз қиындықтарын көрсетеді. Күтпеген оқиғалар орын алып, жоспарларыңызға өзгерістер мен түзетулер енгізуге мәжбүр боласыз. Сәуір-мамыр айларында бас қатыруға тура келеді. Көптеген таразылар өміріндегі үлкен өзгерістерге себеп болатын нәтижелер іздейді. Жаз айында тынығып, рухани тепе-теңдік тауып, өзіңізге өмірден ләззат алуға мүмкіндік беруге болады. Бұл орайда үш айлық демалыс жариялаудың қажеті жоқ. Дегенмен, жаз айындағы шаруаларыңыз бірқалыпты өтеді.
***
САРЫШАЯН. Қаңтар, ақпан айлары біліміңіз бен тәжірибеңізді толықтырып, жаңа нәрселерді игеруге қолайлы уақыт. Ішкі дауысыңызға сүйене отырып, қай жерде қандай дүниелерді игеру керектігін жақсы түсінетін боласыз. Әсіресе, бұрындары сізді жалықтырған және сіз үйренемін деген, мүмкін емес деген нәрселерге аса үлкен мән беруге тырысып көріңіз. Сол нәрселерді өткен жылдары қолға алмауыңыздың себебі, жалқаулық болып тұр. Бойыңыздағы дамытпаған қабілеттеріңізді іске қосып, жаңа тәжірибелерді қабылдауды қолға алып көріңіз. Ал, көктем айынан бастап, қызуқанды еңбектену кезеңі басталады. Бұл уақытта аталған екі айда үйренген жаңа дүниелеріңіздің көп көмегі тиеді. Ал, ешнәрсені қолға алмаған сарышаяндар үшін барлық шаруа қиындықтармен шешілуі мүмкін.  Себебі, шаруалардың көптігімен қажетті ілімдерді үйренудің сәті түспейді. Әр нәрсенің өз уақыты бар демекші, уақытты зая жібермеңіз.
***
МЕРГЕН. Қорытынды жасап, соңғы шешімді қабылдауға асықпаңыз. Жыл басында барлық нәрселерге шынайы қарап, өзгелердің тәжірибелерімен санасыңыз. Сәтсіздікке ұшыраудың алдын алыңыз. Көктем айынан дейінгі кезеңде өзіңіздің шешімді қорытындылар жасауға асықпаңыз. Күтпеген жерден жаңа таныстықтар орын алып, шабыттандыратын кездесулер сізді еріксіз баурап алады. Қызықты жобаларға кірісуіңіз де ғажап емес. Бойыңыздағы қабілеттер көпшіліктің сұрауына ие болып, ұтымды ұсыныстарға да ие боласыз. Жаз айының басында шаруаларыңыз әдеттегіден қарағанда көбірек болады.  Өзгелердің де мәселелерін шешуге тура келеді. Ал, шілденің екінші жартысынан бастап, жемісті әрі сәтті кезең бастау алады.  Бұл жағымды кезең жылдың соңына дейін ұласпақ. Жаңа тапсырмалар пайда болғанмен барлығын мінсіз атқаруға сіздің уақытыңыз жеткілікті болады.
***
ТАУЕШКІ. Жылдың алғашқы үш айы жеңіл әрі ерекше оқиғаларсыз өтеді. Бұл кезеңде нақты бір нәрсеге ден қою қиынға соғады. Соның салдарынан бастаған ісіңізді аяғына жеткізудің сәті түсе бермеу мүмкін.  Соған қарамастан, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болуына ешқандай кедергі болмайды. Эмоционалдық жағдайыңыз тұрақты және айналаңыздағылармен қарым-қатынас үйлесімді әрі жеңіл болады. Жалпы, сізге шағымдануға себеп жоқ. Сәуір-қыркүйек айларындағы уақыт сіз үшін жеңіл болмайды. Дегенмен де, жемісті әрі жұмыс барысында сәтті, пайдалы жағдайлар көбірек орын алады. Алайда, атқарған жұмыстарыңызға көңіліңіз тола бермейді.  Сәттіліктердің бірден байқалмайтынын естен шығармағаныңыз жөн. Сәл төзімділік таныта білсеңіз қандай үлкен нәтижеге де қол жеткізесіз. Оған өзіңіз таң қаласыз. Ол үшін барлық шаруаларыңызды тиянақты әрі жа-уапты атқаруға тырысыңыз. Күз мезгілінде жақсы нәтижелер күтіп тұр. Қызықты ұсыныстарды қабылдап, болашағы зор жобаларға қатысуға мүмкіндік аласыз. Күз мезгілінде жұмысыңыздың көптігіне қарамастан, жақындарыңызға, отбасына көңіл бөліңіз.
***
СУҚҰЙҒЫШ. 2021 жыл қызықты оқиғаларға жомарт жыл болмақ.  Олардың барлығы аса ауқымды болмағанымен, ерекшеліктерді жақсы көретін суқұйғыштардың зерікпесі айдан анық. Жағдайлары тұрақталған бойда ұзақ мерзімге арналған нақты жос-пар құруға кіріседі. Сондай-ақ, күтпеген оқиғаларға да дайын болып, кез-келген өзгерістерге сақадай сай болу да сіз үшін аса маңызды. Өткен мәселелерге ерекше мән беріп, көзіңіз ашылады. Ұзақ араласпай кеткен адамдармен қайта табысып, арадағы түсініспеушілік түзеле бастайды. Бұл орайда туыстық байланыс-тар да нығая түседі. Кейбір суқұйғыштар қоныс аударса, кейбірі жұмысын ауыстырады. Отбасылық өмірде өзгерістер болады. Бұл барлық саладағы өзгерістердің дәлеліне айналады. Сізді түрлі жағдайлар, жаңа әсерлер күтіп тұр.  Қандай жағдайлар орын алса да қол қусырып отырмаңыз. Өзгерістерді қабылдап, соған қарай әрекет етіңіз. Бұл жыл сізге осынша мүмкіндіктерге жол ашады. Оларды уысыңыздан шығарып алмас үшін бар күшіңізді салыңыз.
***
БАЛЫҚТАР. Жаңа жылды сіз мықты әрі көңілді бастайсыз. Қаңтар айында жағымды жаңалықтар қуантады. Бұл уақытта достарыңызбен бас қосып, ерекше кезең болады. Жаңа адамдармен танысып, ой-өрісіңіз кеңейеді. Жаңа қызығушылық пен хоббиіңіз пайда болып, өзіңізге пайда әкелетін дүниелерді жылдам қағып аласыз.  Ақпан айынан аса ойланатын жағдайлар орын алады. Жеке өміріңізге,  жұмысыңызға, қандай да бір қоғамдық іс-шараларға қатысты болуы мүмкін. Не жағдай болса да өте терең мазмұнды жағдай орын алады. Сіз өмірден өз орныңызды іздеумен әлек боласыз. Сол уақытта ойы сізбен бір жерден шығатын, бірдей бағытта қозғалатын адамдарды іздей бастайсыз. Көктем айының екінші жартысы кәсіби салаңыз үшін аса қолайлы. Жаңа кәсіби тапсырмаларыңыз пайда болып, оларды шешу барысында өзіңізде ерекше қызығушылық танытатын боласыз. Бұл бас-тамаларды жақсы алып шығасыз. Өзгелер сіздің талпыныстарыңызды өз деңгейінде бағалап, биікке көтерілуіңізге жол ашылады. Жаз айында кішігірім үзіліс жасауға мүмкіндік бар. Күз мезгілі іскерлік өміріңіз үшін ойдағыдай кезең болады. Жеке өміріңізде де алаңдаушылық болмайды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар