Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елордада тоқымадан жасалған алты метр экошырша тұрғызылды - АРҚА АЖАРЫ

Елордада тоқымадан жасалған алты метр экошырша тұрғызылды

«Құрақ көрпе стилінде жасалған экошырша» жасау үшін елордалықтар арнайы флешмоб ұйымдастырған. Халықтық жобаға Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары ғана емес, еліміздің қолөнер шеберлері де атсалысқан. Сонымен қатар, Ресей мен Өзбекстанның қолы епсекті жандары да өз үлестерін қосқан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай ұлттық нақышта жасалған Жаңа жылдық шыршаны тоқу үшін барлығы 70 келі тоқыма жіп кеткен екен. Шыршаның ұзындығы алты метр. Аталмыш экошырша «Бәйтерек» монументіне қарама-қарсы орнатылған.
– Құрақ көрпе десе кез-келген адамның ойына бірден оның балалық шағы оралары сөзсіз. Әсіресе, біздің балалық шағымызда тоқыма тоқу өте сәнді болатын. Үйдегі аналарымыздың қолдары қалт ете қалса болғаны, тоқыма тоқып отыратыны көз алдымызда. Жалпы жан баласына сыйлық атаулының ішінде өз қолыңмен жасаған сыйлықтың орны ерекше болатыны сөзсіз. Себебі, өз қолыңмен жасалған дүниенің жылулығы бар. Осы жоба аясында тоқып үйренемін деушілерге арналған тегін курстар ұйымдастырылды. Бір аптаның ішінде елордалық 200 қыз-келіншек аталмыш курстарда өз білімдерін жетілдірді. Ниет білдіргендердің арасында жастар көп. Бізді қуантатыны да осы, – деді жоба авторы, әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мұқышева.
Жаңа жыл қарсаңында отбасындағы бес-алты адамға қуаныш сыйлаймын деп ормандағы шыршаны отап жүрген жандарға әжелердің бұл бастамасы үлгі-өнеге болуға тұрарлықтай.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар