Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Айқап» журналының шыққанына – 110 жыл - АРҚА АЖАРЫ

«Айқап» журналының шыққанына – 110 жыл

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашының бірі – «Айқап» журналының алғашқы саны 1911 жылы 10 қаңтарда Троицкіде шыққан.

Ұйымдастырушысы және баспагер, редакторы Мұхамеджан Сералин болды.
«Айқап» журналының алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың ғылым мен білімді игермегенін мәселе етіп көтерген мақаласы жарияланды. Қаржының тапшылығынан журнал бірінші жылы айына бір рет, шағын көлеммен, ал, 1912 жылдан бастап айына екі реттен, 12-24 бет көлемінде жарияланды.
Журнал 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі тарап, таралымы 1000 данаға дейін жетті. Міржақып Дулатов бұл басылым туралы «білім әлеміне ашылған бір терезе болды» деп жазған.

Дайындаған Асылай Қадырқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар