Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азық-түлік қоры жасалып, баға тұрақтандырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Азық-түлік қоры жасалып, баға тұрақтандырылуда

Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар 1444 тонна азық-түлік қоры жасалған. Облыс әкімдігі әлеуметтік маңызға ие19 азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жоспарлаған еді.

Нарықты реттеу «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырылуда. Мекеме отандық тауар өндірушілерді қолдау арқылы тұтынушыға сапалы әрі арзан азық-түлік ұсынудың ұтымды механизмін жолға қойып отыр. Аталмыш корпорация азық-түліктің сұранысқа ие 19 түрін тікелей тауар өндірушіден сатып алып, нарықтағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермейді. Картоп, сәбіз, қырыққабат, күріш тәрізді тауарлардың маусымдық баға өзгерісін шектеу мақсатында арнайы қор құрылған. Мекеме азық-түліктің шекті бағасын сақтауға, мүмкін болса оны арзанырақ бағаға сатуға күш салады. Мәселен, тазартылған күріштің шекті бағасы 404 теңге деп белгіленгенімен, Ақмола нарығында күріш 230 теңгеден сатылады. Ал, бидай ұны белгіленген 155 теңгенің орнына 110 теңгеден ұсынылуда. Тұндырылған өсімдік майының шекті бағасы 433 теңге болса, әлеуметтік павильондарда 390 теңгеден аласыз. Бүгінгі күні мұнда қант 200, картоп 90 теңгеден сатылуда.
«Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басшысының орынбасары Гүлмира Жазина өз сөзінде жұмыстарының бірінші бағыты азық-түлік қорын жасақтау арқылы жүргізілетінін айтты. Қазір қорда 1444 тонна азық-түлік сақталуда. Жыл басынан бері сауда орындарына 800 тонна өнім түсіпті. Азық-түлік нарығын реттеудің екінші тәсілі тауар өндірушілерге ешбір пайызсыз несие ұсыну. Мұнда да шарт біреу. Кәсіпорын шекті баға мөлшерін сақтауға кепіл береді. Осылай отандық тауар өндіруші мен тұтынушының мүддесін бір арнаға тоғыстыруға болады. Бизнес нысандарының өтінішін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жанынан құрылған комиссия талдайды.
–Кәсіпорынның қаржылық жағдайы егжей-тегжейлі талданады. Біз бюджет қаржысы арқылы пайызсыз несие береміз. Сондықтан, екі жақты келісім-шарт жасалмай тұрып, тауардың нарықтағы бағасы белгіленеді. Міндетті түрде кепілдік қойылады. Осының негізінде комиссия шешім шығарады. Біз осы шешім бойынша қаржы ұсынамыз. Бүгінгі таңда бұл бағытта жергілікті 3 компаниямен келісім-шарт жасалды,–дейді Гүлмира Жазина бізбен әңгімесінде. Ақмолалық кәсіпорындарға 835 миллион теңге бөлінген. Осылайша сүт өнімдері, құс еті мен картоп бағасы тұрақтандырылды. Бұл механизм тауар бағасының күрт өсуіне қарсы жылдам әрекет ету мүмкіндігін ұсынады,–дейді мамандар. Мәселен, жуық арада жұмыртқа бағасын реттеу көзделіп отыр. Айта кетелік, тұрақтандыру қорының азық-түліктері әлеуметтік павильондарда сатылады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар