Ауыл шаруашылығына инвестиция көлемі артып келеді

Облысымыз республика бойынша аграрлық өңір саналады. Өткен жылдың қорытын-дысы бойынша облыста ауыл шаруашылығында 12,8 пайыз тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Облыстың агроөнеркәсіптік кешендері елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында 12,8 пайыз тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Бұл 10 жыл ішіндегі саладағы ең үздік көрсеткіш болып отыр.
Өткен жылғы егіс науқаны кезіндегі қатаң карантинге, сондай-ақ, ауа райының қолайсыз болуына қарамастан, өңір диқандары әр гектардан орташа 11,8 центнерден өнім алып, 5,2 миллион тонна астық жинады. Бұл республика бойынша жиналған астықтың төрттен бір бөлігін құрады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, астық өндірісінің жалпы көлеміне Аршалы ауданындағы «Каменка және Д», «Свободное» және «Белоярка – 2019» серіктестіктері тәрізді бірқатар кәсіпорындар елеулі үлес қосты. Өткен жылдың 11 айында облыстың ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 53 миллиард теңгеден асты. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға жоғары. Оның 34 миллиард теңгесі ауыл шаруашылығы құрылымдарының жеке қаражаты. Жаңа жобаларға инвестиция салу, өсу және даму жағынан алғанда шаруаларға екі есе тиімді болып отыр. Өйткені, мемлекет инвестициялық шығындарды ішінара өтейді.
Ал, агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен инвестициялық салымдарды субсидия-лау үшін 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылы мемлекеттік қолдаудың арқасында 40 жоба іске асырылды, олардың аясында бордақылау алаңдары мен асыл тұқымды мал фермалары, тауарлы-сүт фермалары, құс фабрикалары, астық және көкөніс қоймалары, қайта өңдеу кәсіпорындары, балық өсіру фермалары салынды, суару жүйесі енгізілді.
Субсидиялау және несие беру тетіктерін жетілдіру есебінен мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау үшін шаралар қабылданды. Отандық асыл тұқымды шаруашылықтардан он мың ірі қара сатып алу арқылы 97 ет және 18 тауарлы-сүт фермасы құрылды. Нәтижесінде бүгінгі таңда облыста қарамағында 12,5 мың ірі қара мал бар 56 мамандандырылған шаруашылық сүт өндірумен айналысып отыр. Ірі қара малды бір мезгілде ұстау үшін бордақылау алаңдарының қуаты 36,5 мың басқа жеткізілді.
Осы және басқа шаралар пандемия кезінде ішкі азық-түлік өндірісін ұлғайтуға және оған қажеттіліктің көп бөлігін жабуға мүмкіндік берді. 2020 жылы өңделген ет өндірісі 56,5 мың тоннаға, сүт өнімдері 94,9 мың тоннаға және ұн 309,7 мың тоннаға артты. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің жыл сайынғы өсуінің арқасында облыс Нұр-Cұлтан қаласын ұнмен, жұмыртқамен және картоппен, сондай-ақ, қажеттіліктің үштен бірі көлемінде етпен, 100 пайыз сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар