Тұрғын үй мәселесі біртіндеп шешілуде

Тұрғын үй мәселесі біртіндеп шешілуде

Облысымызда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар ойдағыдай жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде көппәтерлі 48 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 28-ін биыл пайдалануға беру жоспарланған.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, биыл бірқатар аудандарда тұрғын үйлер салынуда. Оның ішінде Ақкөл ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 45 пәтерлі тұрғын үй, Шортанды ауданында 36 пәтерлі тұрғын үй, Көкшетау қаласында көппәтерлі 4 үй бар. 2021 жылы жалпы ауданы 38,9 мың шаршы метр болатын 11 көппәтерлі тұрғын үйді немесе 594 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бұл ретте, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, көп балалы аналарға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына арналған жаңа құрылыстар Көкшетау, Ақкөл, Бұланды, Ерейментау, Целиноград, Егіндікөл, Шортанды, Біржан сал аудандарында және Степногорск қаласында салынады. Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар бойынша 2021 жылы 616 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, облысымызда «7-20-25, әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінде өңір аталған бағдарламаны жүзеге асыруда бесінші орында тұр. Түскен 1663 өтінімнің 1224-і мақұлданып, 11,2 миллиард теңгеден астам сомаға несие берілді.
Жалпы, облыста тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 574 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 5000 пәтер пайдалануға берілген.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *