Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұрпақтармен бірге жасай береді - АРҚА АЖАРЫ

Ұрпақтармен бірге жасай береді

Таяуда облыс орталығындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде қазақтың көрнекті жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы бойынша «Өршіл рух – өлмес тұлға» деп аталатын оқырмандар конференциясы өткізілді.

Конференцияның басты мақсаты Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы арқылы патриоттық тәрбиені жандандыру, отансүйгіштік рухты жетілдіру, күні кешегі майдан даласындағы қазақ батырларының асқан ерлігін паш ету, халқымыздың сүйікті де қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлының тұлғасын асқақтату, жастардың бойына ізгілік пен қайратты мінезді дарыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Алдымен, әйгілі жерлесіміз Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ» әні орындалды. Одан соң кешті ұйымдастырып өткізуші, колледждің әдебиет пәнінің оқытушысы Ерболат Баятұлы жазушының шығармашылығы, «Ақиқат пен аңыз» романы, жалпы қазақ әдебиетіндегі майдан тақырыбы, әдебиеттің оқырманға берер әдемі әсерлері жайында тартымды әңгімелеп берді. Әзілхан Нұршайықовтың естеліктерінен дайындалған слайд тамашаланды. Мұнан соң колледж оқушылары Жанар Торғауытова, Сая-сат Бейбітхан, Раушангүл Есмағұл, Тойжан Өмірбаевалар баяндама жасады. Баяндамалардың тақырыбы Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетіндегі майдан  тақырыбы аясында болды.
Оқушылар өз ойларын тартымды тілмен, оралымды оймен ортаға салды. Олардың қатарынан Жазира Жұмабекова, Әйгерім Хасенова, Дастан Орқынов, Ризагүл Райымбекова тәрізді оқушыларды атай кетуге болады. Жас ұрпақтың әдебиетпен достасуы, әдеби шығармаларды түсініп, түйсініп оқи білуі көңіл қуантарлық.
Конференция соңында аталмыш оқу орнының оқу ісінің меңгерушісі Гүлнәр Қадырәлиева осындай әдеби кештердің жас ұрпақ тәрбиесіндегі жақсы әсері туралы айта келіп, көпшілікті әдебиетпен достасуға шақырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар