Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көрісу – атадан келе жатқан салтымыз - АРҚА АЖАРЫ

Көрісу – атадан келе жатқан салтымыз

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымы 14 наурыз – Көрісу мерекесіне орай сахналық қойылым көрсетті.

Көрісуді халқымыз Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар бұл күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман-есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі Амал мерекесінің осындай ерекшелігімен өзге ұлт өкілдерін таныстыру, қазақтың салт-дәстүрін қастерлеуге баулу мақсатында «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымы қойған қойылымнан мерекенің лебі сезіліп тұрды. Қойылым кезінде көрші-қолаң, құда-жекжат қыстан аман-есен шыққандарына қуанып, мерекеге арнап жайылған ақ дастархан басында бір-біріне жылы лебіздерін арнап, домбырада ән шырқады.Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Ғосман Төлеғұлдың, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Ажар Құрманқұлованың домбырада асқақтата шырқаған халық әндері көңілдерді көтеріп, жүректерге көктемнің шуағын шашқандай болды. Балалар асық ойнап, әжелер ұршық иіріп, халқымыздың салт-дәстүрін паш етті.
«Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Күнім Оразбаеваның айтуынша, аталған мекеме биылғы Наурыз мерекесіне ерекше дайындықпен келіп отыр. Ұжым Ұлыстың ұлы күні қарсаңында барша этномәдени ұйымдармен бірлесіп, ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап қойған.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар