Асқар Мұратұлы 1976 жылы туған. Шығыс Қазақстан техникалық университетін және Қазақ автомобиль-жол университетін «автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы жөніндегі инженер» мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігінде жетекші маман; автожолдар комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
«Қазақавтожол» РМК Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры болып жұмыс істеді.
2007 жылдан – Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы бастығының орынбасары, Көлік және коммуникация министрлігінің сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары, 2012 жылдан – Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2015 жылдан-Зеренді ауданының әкімі, 2017 жылдан — Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы, 2019 жылғы 3 сәуірден бастап – Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы басшысы Ұлан Әліпов Мемлекет басшысының сынынан кейін ағымдағы жылдың 16 сәуірінде қызметінен босатылды.