Макинскідегі жылу өткізбейтін минералды плита өндірісі жанданды

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, өңірде жоғары технологиялық құрылыс материалдарының өндірісі артып келеді. Бұл энергия үнемдейтін технологияларға бағдарлану және «жасыл» экономикаға біртіндеп көшуге байланысты болып отыр.

Осы ретте, өңірде осындай тың жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Соның ішінде Ерейментау және Целиноград аудандарындағы жел электр станцияларын салу бойынша бірнеше инвестициялық жобаларды айта кетуге болады.  Аршалы ауданында да қуаттылығы 100 МВт болатын ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ал, мемлекеттік қолдаудың арқасында жылу өткізбейтін минералды плита, технологиялық өнім шығаратын Макинскідегі зауыт жұмысын қайта бастады, оған ішкі нарықта ғана емес, шетелден де сұраныс артып келеді.

«Дайын өнім негізінен республиканың өзге өңірлеріне жеткізіледі. Кейінгі кездері Қырғызстан, Өзбекстан және өзгеде Орта Азия елдерінен сұраныс түсе бастады. Бұл мәселе бойынша қазір жұмыстар жүргізудеміз», – дейді кәсіпорынның бас директоры Манатбек Бақтыбаев.

Бүгінгі таңда кәсіпорында 170-ке жуық адам еңбек етеді. Жұмысшылар негізінен жергілікті тұрғындар. Қазір өндіріс қуаты айына  екі мың тонна дайын өнімді құраса, алдағы уақытта оны үш мың тоннаға жеткізу жоспарда бар.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар