Ақмола облысында «КӨКТЕМ-2026» РКШОЖ өтті

Буланды ауданының Макинск қаласында су тасқыны кезеңіне дайындыққа бағытталған республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

Сценарий бойынша бөгеттің шартты түрде бұзылуы пысықталып, тұрғындарға дер кезінде хабар беріліп, су басу қаупі бар аумақтан эвакуация ұйымдастырылды.

Сонымен қатар электр беру желілері тіректерінің құлауы кезіндегі іс-қимылдар, бөгетті қаптармен нығайту және мұз астына түсіп кеткен шартты балықшыны құтқару жұмыстары жүргізілді. Зардап шегушіні эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқару» авиациясы жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуға 200-ге жуық адам және 51 бірлік техника қатысты.

Іс-шаралар азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын арттырып, су тасқыны кезеңіне дайындығын көрсетті.

@112aqmola

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар