Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын ерте жариялау себебін түсіндірді. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын ерте жариялау себебін түсіндірді.

«Құрметті отандастар, 2007 жылы басталған дүниежүзілік дағдарыс өзінің қиын жағдайларын әлі тәмамдаған жоқ. Сол дағдарыс әлі күнге дейін жүріп жатыр. Оның салдарын біз көріп отырмыз. Оның үстінде Ресей мен Батыстың арасындағы бір-біріне санкция мәселелері бар, Таяу Шығыста орын алған жағдайлар бар. Осының барлығы Қазақстанға өз ықпалын тигізеді. Сондықтан, дағдарыс әрі қарай әлі жалғасып жатыр деп айтуға болады. Біз осыған қарсы шара қолдануымыз керек», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, халықтың сенімін ақтау, қиын жағдайдан аман-есен алып шығу жағдайларын ойластыру керек.
«Алдымызда тұрған 2-3 жыл бүкіл дүниеге де, елімізге де оңай болмайды. Сондықтан, біз не істеуіміз керек, қандай шаралар қолдануымыз керектігін ойластыруымыз керек. Осыған байланысты мен Жолдауды ертерек жариялайын деп шештім. Қалған 50 күннің ішінде, жаңа жылға дейін Үкімет осы Жолдауға орай не істеу керектігін дайындап, өздерінің шараларын әзірлеп, Жаңа жылдан іске кірісуі керек. Соған уақыт беру үшін ендігі жылы емес, жылдың аяғында Жолдауды жариялап отырмын», –деді Қазақстан  Республикасының Президенті.
«Менің тапсырмама сәйкес Үкімет дамудың ауқымды жаңа бағдарламасын әзірлеуді аяқтады. Бүгінде біздердің алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жария етемін. Дәл осыған мен 2015 жылға арналған халыққа Жолдауымды арнаймын», – деді  Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының атап өтуінше, жаңа саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар