Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет кепілдігіндегі депозиттер - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет кепілдігіндегі депозиттер

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы  Жолдауында елімізде экономиканы долларсыздандыру жалғасатынын айтқан және қазақстандықтарды «теңгемен» өмір сүруге шақырған болатын. Бұл туралы жыл бойы қиын жағдайларға қарамастан, жыл нәтижесі бойынша теңгелік депозиттерді арттыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында да айтылып келді.

Девальвация, Қазақстан экспортының негізгі тармақтарына деген бағаның құлдырауы және әлемдегі саяси тұрақсыздық теңгеге жойқын әсер етіп, өткен жылы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (Қор) үшін басты сынақ болды. Алайда, ертерек 1999 жылы Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған бұл құрылым сынақтан сәтті өте білді және бұған қоса, басқа валюталармен салыстырғанда теңгедегі жинақ салымдарын арттыру бойынша көрсеткіштерді жақсартуды мақсат етіп отыр.
Салымшылардың теңгеге деген сенімін сақтап қалуға осы жылдың басында Үкіметтің Ұлттық банкпен бірлесіп қолданған шаралары көмектесті. Айталық, теңгедегі депозиттер бойынша кепілді өтемнің сомасы бес миллион теңгеден он миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Қор төрағасы Бақыт Қоғыловтың пікірі бойынша әлемдік нарықтардағы бағаның құбылмалылығы жағдайында мұндай шара өте қажет. «Бірінші кезекте біз салымшылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды көздедік. Теңгедегі салымдар бойынша мемлекеттік кепілдің жоғары шектеуін 10 миллион теңгеге дейін арттыру арқылы Қор салымшылардың толық көлемдегі шоттарының шамамен 99,5 па-йызын кепілдендіре алады. Яғни, бүкіл еліміздің салымшыларының негізгі бөлігін біз толық қорғай аламыз. Бұл әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары қорғау деңгейі болып табылады».
Шараның дұрыс және уақтылы екенін ұлттық валютадағы салымдар бойынша кепілдік сомасының артуы көрсете алады – бұл Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелерінің қауымдастығымен және Халықаралық Валюта Қорымен ұсынылған бүкіләлемдік тенденция және халықаралық тәжірибе.
2015 жылы Президентіміздің тапсырысы бойынша Үкіметтің іске қосқан маңызды механизмдердің бірі – 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша өтемақы төлеу болып табылады. «Бұл механизм арнайы жұмыс тобы шеңберінде Ұлттық банкпен, проблемалық кредиттер қорымен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесе отырып дайындалды. Осы жұмыстардың нәтижесіне сәйкес еркін құбылмалы валюталық бағамға өтуге байланыс-ты жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу тәртібі бекітілді», – дейді Бақыт Қоғылов.
Қабылданған ережелер бойынша бағамдық айырманы төлеу жеке тұлғалардың 1 миллион теңгеден асатын депозиттері бойынша жүргізіледі. Депозиттер бойынша қалдық соманы тіркеу күні деп 2015 жылдың 18 тамызы осы күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен бағам бойынша белгіленді.
«Алайда, нарықтағы өзгерістер қарапайым азаматтарға ғана емес, сонымен қоса қаржы институттарына да әсер етті, бұл туралы Президентіміз үдемелі талаптарға жауап бере алмайтын қаржы нарығының қатысушылары нарықтан кету керектігін ескерте отырып айтып кеткен болатын.
Жылдың бұрын болмаған тағы бір тәжірибесі бар: Үкіметтің 2007 жылы сот шешімімен жабылған Валют-Транзит Банк салымшыларына қосымша өтемақы төлеу туралы бастамасы жүзеге асырылды. Мәселен, тамыз айының басында Қор салымшыларға қосымша төлемдер туралы хабарлады. «Осы жылдың 1 тамызынан бастап Валют-Транзит Банк салымшылары заң бойынша 5 миллион теңгеге дейін қосымша өтемақы алуға құқылы – бұл Қор 2007 жылы төлеген сомаға қосымша. Естеріңізге сала кетейік, банктің банкрот болған сәтінде төлемдердің ең жоғары сомасы 700 мың теңгені құраған болатын. Төлемдер Қор қаражаттары есебінен жүргізілді. Арнайы резерв қаражаттарынан 4 995 салымшыға 4,25 миллиард теңге бөлінді. Осы қосымша төлемдердің нәтижесі бойынша Валют-Транзит Банкінің 95,5 пайыз салымшылары алдындағы депозиттер сомасы бойынша міндеттемелер толық жабылды. Қалған 4,5 пайыз – бұл депозит бойынша қалдықтары 5 миллион теңгеден асатын 223 салымшы. Олармен жеке тұлғалардың сыйақылары және заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар бойынша есептесетін тарату комиссиясы жұмыстарды жалғастыруда», – дейді Бақыт Қоғылов.  
Қор төрағасының айтуы бойынша, бұл шаралардың барлығы салымшылардың заңды мүдделерін қорғауға, олардың өз қаражаттарына барынша жылдам қол жеткізуіне, сонымен қатар барлық тараптардың мүдделері үшін тұрақсыздықты реттеу тәртібін оңтайландыруға бағытталған. Бұл, өз кезегінде, депозиттерге кепілдік беру тиімді жүйелеріне арналған негізгі принциптермен және Қор миссиясымен келісім табады.
Қазіргі таңда Қазақстанда қызмет көрсететін әрбір 34 банктегі депозиттер Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігіне ие. Қор 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамытудың бекітілген тұжырымдамасына сәйкес ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруда. Бұл тұжырымдама депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін әрі қарай дамытудың негізін қалайды: институттық өкілеттіктер бөлінеді, халықаралық тәжірибеге сәйкес банктерді сауықтыру және тарату үрдістері оңтайландырылады.
Бұған қоса, қазірдің өзінде халықаралық сарапшылар қазақстандық депозиттерге кепілдік беру жүйесін жоғары бағалап отыр. Мысалға, 2013 жылы Қор депозиттерге кепілдік беру жүйелерінің халықаралық қауымдастығына (IADI) қатысушы 70 мемлекеттің ішінде «Депозиттерге кепілдік беру жүйесін жетілдірудегі жетістіктері үшін» номинация-
сы бойынша үздік ұйым деп танылды. Ал, бұл жолы кепілді өтемақы төлеу саласындағы жетісітіктері үшін Қор тағы да 2015 жылдың үздік ұйымы деп танылды.
«Бұл біз үшін шынында да маңызды оқиға – біз өз саламыздағы халықаралық сарапшы қоғамдастықтың жоғары бағасына қол жеткіздік. Бұл баға төлемдер үрдісіне де, заңнаманың жетілгендігіне де қатысты және ең маңыздысы – заңнамада банктерді таратуға және кредиторлармен есептесуге балама үрдістер жан-жақты қарастырылған. Жалпы айтқанда, ұзақ мерзімді келешекте, өзіміздің стратегиялық жұмысымызда біз тұрақсыз банктермен жұмыс істеу үрдістері барынша жылдам және банк салымшылары үшін барынша жеңіл тиетіндей болуына ұмтыламыз», – дейді Бақыт Қоғылов.

Ермек ЖАҢАБЕКОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар