Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін түнде Буденный көшесі 60 мекен-жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде орын алған. Бұл туралы сағат 04:18 жедел хабар түсті. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Одан 30 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД жеке құрамынан 22 адам және 6 өрт сөндіру техника жұмылдырылды. Өрт сағат 04:40 ауыздықталып, 04:48 сөндірілді.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.