«Екатеринбург-Алматы» тас жолында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1241-ші шақырымында орын алған. Бұл туралы Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Төңкеріс ауылының тұрғыны хабарласып айтқан.

Анықталғандай, «Subaru Forester» маркалы автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолды кесіп өтпек болған жаяуды қағып кеткен. Көліктің астына түскен Алтынсарин ауылының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтына «оң жақ иық сүйегінің жабық сынуы, иық сүйегінің ашық сырғымалы сынуы» диагнозымен жатқызылды.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты автокөлік жүргізушісінің үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар