Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отбасы құндылығын сақтау – маңызды міндет - АРҚА АЖАРЫ

Отбасы құндылығын сақтау – маңызды міндет

1993 жылы 15 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы отбасы құндылықтарын сақтау және насихаттау мақсатында бір күнді Халықаралық отбасы күні деп жариялау туралы шешім қабылдаған еді. Содан бері бұл күн жыл сайын әлемде Халықаралық отбасы күні ретінде атап өтіледі.

Отбасы қоғамның ажырамас бөлшегі, адами құндылықтарды, мәдениетті, ұрпақтар сабақтастығын сақтаушы болып табылады. Отбасыны шағын мемлекет деп атап жүр, шын мәнінде отбасы мемлекеттің басты тірегі. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде отбасыны дамыту, адамдардың әл-ауқатын арттыру, ұлттық құндылықтарды сақтау бағытында үздіксіз жұмыстар жүргізіліп келеді.

Отбасының берік болуы өте маңызды. Отбасында балалар адамдар арасындағы қарым-қатынас құпияларын түсінуді, махаббат пен қамқорлықты үйренеді. Отбасы арқылы даналық пен білім бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріледі.
Қазіргі әлемді жайлаған пандемияға қарамастан, отбасы құрушылар қатарының азаймай отырғаны қуантады. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы төрт айында облысымызда 1376 жұп некеге тұрып, өз шаңырақтарын көтерген екен.

Олардың арасында алыс және жақын шет елдердің азаматтарымен некеге отырғандар да бар. Тәжірибе көрсеткендей, отбасын құру ешқашан кештік етпейді. Тағы бір атап өтерлік жай, бала туу саны да біршама өсіп келеді. Жыл басынан бері 4028 сәби дүниеге келсе, олардың 2094-і ұл, 1934-і қыз балалар.

Соңғы жылдарда жаңа туған сәбилердің есімдерінің арасында Дінмұхаммед, Нұрмұхаммед, Иманғали, ал, қыз балалардың арасында Айлин, Әминә, Сезім сияқты есімдер біршама көп кездесуде.
Бақыт Күшенова,
Ақмола облыстық әділет департаментінің жетекші маманы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар