Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазан қаласында орын алған жағдай бізге де сабақ болғаны абзал - АРҚА АЖАРЫ

Қазан қаласында орын алған жағдай бізге де сабақ болғаны абзал

Жуырда Татарстанның астанасы Қазан қаласындағы мектептердің бірінде болған жантүршігерлік қайғылы оқиға барша халықты шошытқаны мәлім. 19 жастағы қылмыскер қолынан қаншама оқушы мен мұғалімдер құрбан болды. Зардап шеккендердің туған-туыстарына барша қауым көңіл айтуда. Бізде Бейкүнә балалар мен мұғалімдердің жандары жәннатта болсын дейміз.

Аталмыш қанды оқиғадан кейін Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясының депутаттары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминге еліміздегі білім беру нысандарына күзетті күшейтуді ұсынды. Олар елдегі мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің терроризмге қарсы қауіпсіздігі туралы заңнамадағы талаптарға тағы бір рет назар аудару қажеттігін айтты.

Шынымен де, еліміздегі мектептерде күзет қызметін көбінесе зейнет жасындағы вахтерлар атқаруда. Олармен жылы-жылы сөйлесіп, сыпайылық танытып, сенімді әңгімелескен адам ғимаратқа ешбір кедергісіз кіріп кете алады. Тіпті, кез келген бір білім ордасына қараниетті адам кіріп, алдында тұрған қарт күзетшіні көргенде одан қандай қарсылық күтеді дейсіз. Осыған ұқсас мәселелер өте көп.

Бүгінде көптеген мемлекеттік ғимараттар мен күштік құрылымдар маңайына биіктігі бес метр, алынбайтын бекіністер тұрғызып алған, оларға кіру үшін әскерилендірілген күзеттен өтеміз, ал, мектептер мен балабақшаларға барсаңыздар, олардың аумағы жай ғана аула тәрізді. Агрессивті адамдардың шабуылына бұл мекемелердің ғимараттары төтеп бере алмайтыны анық. Осындай мәселелерді көтерген ақжолдық депутаттардың сөздерінің жаны бар. Мысалы, Андрей Линник елдегі мектептерде терроризмге қарсы жаттығулар қаншалықты жиі өткізіліп тұратындығы туралы да мәселені көтерді.

–Өкінішке орай, Қазан қаласында болған оқиға да мектеп аумағына бөгде адам кірген болса, басқа елдерде мұндай қатыгездікті мектеп оқушылары өздері, әлеуметтік желілер мен компьютерлік ойындардың әсерінен жасайтын жағдайлар да аз емес, –деді депутат Андрей Линник.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үкіметке бірқатар сауалдар жолдауда. Онда біріншіден, оқушылардың санына қарамастан, білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды қайта қарау мәселесін көтерді. Атап айтқанда, онда дабыл беру және бейнебақылау жүйелері, жеке күзет компаниясының арнайы оқытылған қызметкерлерінің күзет бекеттері, бақылау-өткізу пункттері және металл іздегіштер болуы тиістігі айтылды. Екіншіден, қоғамдық орындарды күзететін күзет қызметтерінің қызметкерлеріне қару ұстауға және оларға мүліктік кешенді ғана емес, адамдардың қауіпсіздігін де күзетуді жүзеге асыру міндетін жүктеуге рұқсат етілуі ұсынылды.

Бұған қоса, мектеп психологтары мен учаскелік инспекторлардың жұмысын күшейтуді қарастыру қажеттігі айтылды. Атыс қаруын алып жүруге, сақтауға рұқсат беруге де бақылауды қатайтпай болмайды. Яғни, лицензия беру жасын 18 жастан 24 жасқа дейін арттыру, сондай-ақ, қарудың лицензиясын алу кезінде адамның психикалық жағдайын және есірткіге тәуелділігін бақылау үшін барлық шараларды қолдану, осы орайда, дәрігерлердің жауапкершілігін арттыру жөніндегі ұсыныстар да айтылмай қалмады.

Еліміз мұндай сорақылықтардан аулақ болсын деп тілейміз, дегенмен, жаман айтпай, жақсы жоқ. Сондықтан, балаларымыздың амандығы мен қауіпсіздігін жан-жақты ойластырғанымыз абзал.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар