Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Біздің мамандығымыз – тарих» - АРҚА АЖАРЫ

«Біздің мамандығымыз – тарих»

Облыс орталығындағы әдебиет және өнер музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 85 жасқа толған мерейтойына орай, фотожурналистика ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі Владислав Холиннің «Біздің мамандығымыз – тарих» атты фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Бұл орайда, фото объектив шеберінің шығармашылығын көпшілікке таныстыру, насихаттау бағытындағы көрме өскелең ұрпақты көркемөнерге баулиды деген ойдамыз.
Владислав Михайлович Холин 1936 жылы 16 маусымда Көкшетау қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1959 жылы «Көкшетау правдасы» газетінде бастап, жергілікті басылымдарда 40 жылдан астам фототілші болып қызмет атқарған. Қазіргі уақытта зейнеткерлікте жүрсе де, «Акмолинская правда», «Северный Казахстан» газеттерімен тығыз шығармашылық байланыс орнатқан. Фотосуреттері ара-кідік «Арқа ажары» газетінде де жарияланып тұратын кәнігі фототілші биыл мерейлі 85 жасқа толғалы отыр.
Көрменің ашылуына Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Уақыт Бейсенбаев, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қатысып, мерейтой иесін атаулы күнмен және жеке көрмесінің ашылуымен шын жүректен құттықтап, оған шығармашылық шабыт пен толайым табыстар тіледі.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев өз кезегінде Тәуелсіздіктің отыз жылдығы аясында автордың өскелең ұрпаққа үлгі болатын әрі тарихтан сыр шертетін таңдаулы туындыларын жинақтап, арнайы фотоальбом басып шығаруға ұсынысын білдірді.
Көрмені тамашалауға келген өңірдің зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары фотожурналистика майталманының еңбектеріне жоғары баға берді.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Суреттерде: көрмеден көрініс; мерейтой иесі Владислав
Михайлович Холин (ортада).
Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар