Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Стратегиялық жоспарлау агенттігі онлайн санақ өтетін уақытты жариялады - АРҚА АЖАРЫ

Стратегиялық жоспарлау агенттігі онлайн санақ өтетін уақытты жариялады

Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы үшінші ұлттық санақ 2019 жылы өткізіледі деп жоспарланғанымен, 2021 жылы өтеді. Онлайн санақ 2021 жылдың 1 қыркүйек пен 15 қазан айында Sanaq.gov.kz сайтында өткізіледі. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі «ҚазАқпарат» агенттігінің сауалына жауап ретінде хабарлады.

Санаққа дайындау және оны өткізумен ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов басқаратын Арнайы комиссия айналысады.

2018-2023 жылдар аралығында ұлттық санақты қаржыландыруға қажетті сома — 9,1 млрд теңгені құрайды. 2021 жылы айлық есеп көрсеткішінің (санақ қызметкерлері мен іссапар шығындарын есептеуге арналған) артуына, әрі халық санының өсуіне байланысты, республикалық бюджетті нақтылау кезінде шығын 5,2 млрд теңгеге артты, оның ішінде санақ жүргізу үшін тартылатын қызметкерлер мен штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақы қоры – 4,259 млрд теңге ( 32 мыңнан астам интервьюер тартылмақ).

Агенттіктің 2021 жылға жоспарлаған жиынтық бюджеті 18,8 млрд теңге көлемінде ( 2020 жылы – 12,8 млрд теңге), оның ішінде, Агенттіктің орталық аппаратының бюджеті– 325 млн теңге ( 2020 жылы – 59,7 млн теңге), Агенттіктің Ұлттық статистика Бюросының бюджеті – 18,7 млрд теңге ( 2020 жылы– 12,7 млрд теңге).

Агенттіктің 2021 жылғы бюджетінің арттырылуы қарастырылмаған. Керісінше, санақ өткізілгеннен кейін Агенттіктің штаттық санын бірмезеттік 25% қысқарту жоспарланған, әрі жыл сайын 2024 жылға дейін бюджеттік шығындарды 10-18% көлемінде жүйелі түрде қысқарту көзделіп отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар