Белла Газдиева: «Сайланған ауыл әкімі «десижн-мейкер» болуы тиіс»

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Белла Газдиеваның пайымдауынша, ауыл әкімдерінің сайлауы – азаматтық қоғам, билік және шенеуніктер үшін үлкен емтихан болып табылады. Бұл емтихан біздің жауапкершілік деңгейімізді анықтауға, өз тағдырымызды өзіміз шешуге көмектеседі.
Белла Асланбекқызы осы сайлауды тағатсыздана күткенін және дауыс беру процесін бақылағысы келгенін жасырмады. Сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары басталғалы бері филиал директоры әлеуметтік желілерде кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысқанын атап өтті.

–Кейбіреулері ауыл әкімі болуға жауапкершілікпен қарап, сайлауалды науқанға пиар кеңесшілердің көмегімен дайындалды. Президентіміз сайлау туралы сөз сөйлеген кезде кейбір сарапшыларымыз үшін бұл мәселе жеңіл болып көрінді. Алайда, бұл біз үшін оңай қадам емес. Ауыл әкімдері сайлауының өтуі ауылдарда жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының деңгейін көрсетеді. Бұл жерде ауыл тұрғындары сайлау учаскелеріне барып, өз әкімдерін таңдау барысында қаншалықты жауапкершілік танытатыны мен үшін қызық болып отыр. Олар таңдау жасағанда өздерінің тағдырларын кімге сенетінін және бұл орынға кім лайықты екенін түсінуі тиіс, – деді Белла Газдиева. Ол бұрынғы ауыл әкімі ретінде үміткерлердің бұл сайлаудың қаншалықты маңызды екенін түсінгенін қалайды.

Бұл тәуелсіздіктің демократиялық нақты қадамы және үлкен жауапкершілік болып табылады. Егер, бұрын ауыл әкімі тапсырманы орындаушы ғана болса, қазір ол тұрғындарға, өзінің берген аумағына қаншалықты жауапты екенін түсінетін «десижн-мейкер» болуы тиіс. Тұрғындар өз тағдырын саған сеніп тапсырса, сен жоғары тұрған басшылықтың артына тығылмай, қандай да бір шешімді жедел қабылдап, қорытынды шығаруға тиіссің деп санайды Белла Газдиева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар