Бүгінгі сайлау демократия ұстанымына сай өтті

Тәрбие тал бесіктен бастау алады десек, сәмбі талдың иіліп тал бесікке айналар орны ауыл екені бесенеден белгілі.
Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, барлық үлгі-өнегенің көрінісі ауылдан басталады.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің қаймағы бұзылмай ауыл өмірінде біте қайнасып сақталып келеді. Ұлттық сана-сезім, рухани байлықтың қайнар көзі де ауылда.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі заңды құбылыс.
Мемлекет басшысы мұны елді демократияландырудағы және жергілікті басқару институттарын нығайтудағы маңызды қадам деп атады.
Осы орайда, бүгін елімізде болып жатқан ауыл әкімдерінің сайлауын тарихтың сындарлы кезеңі, тарихта орны ерекше күн.
Биыл облысымызда 95 ауылдың әкімі тікелей дауыс беру арқылы сайланбақ. Осылайша, ауыл басшысын әр тұрғынның өз таңдау құқығын пайдалана отырып, сайлауы алғаш рет жүзеге асырылады.
Бүгін Арқа төрі Ақмола өңірінде еңбектеген баласымен еңкейген кәрісіне дейін сайлауға қатысты.
Осы саяси науқан арқылы біздер барша ақмолалықтардың саяси өмірге белсенділігі, олардың ең алдымен ел болашағына жауапкершілігіне айқын таңдау жасайтындықтарына мүлтіксіз аңғардық.
Барлық аудандардағы сайлау учаскелерінде азаматтары белсенділігі өте жоғары. Бұл ең алдымен еліміздің болашағын ойлағандық және де биыл 30 жылдығы тойланып отырған Тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеу тұрғысындағы отандастарымыздың ой-арманы, асқақ мұраты деп ұғуымыз керек.
Бүгінгі сайлау демократия ұстанымына сай өтті. Сайлау үдерісі тыныш әрі бейбіт ахуалда өтті. Сайлаушылар үшін, олардың еркін қалауын білдіруі үшін барлық жағдай жасалған.
Сайлау ашық әрі сайлаушылар үшін барынша түсінікті болды және оның әділ өткендігі мен үшін еш күдік тудырмайды.
Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Саяси науқан барысында сайлаушылардың бойынан мақтаныш пен патриоттық сезімді байқауға болады. Халық өздерінің азаматтық құқықтарын пайдаланып, таңдау жасауда белсенділік танытты. Бұл ақмолалық сайлаушылардың саяси сауатының артқандығын білдіреді. Демек, Қазақстан дамудың даңғыл жолын жаңылмай тауып, дұрыс бағытта алға жылжып келеді деп нық сеніммен айтуға болады

Айнагүл Балташева,
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Bolashag saraiy» директоры

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар