Ауыл әкімдерінің сайлауы

2021 жылғы 24 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамаға ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу бойынша түзетулерді көздейтін заңнамалық актілерге қол қойды.
5 маусымнан бастап сайлау заңнамасының жаңа нормалары күшіне енді. Нәтижесінде бір жылдан аз уақыт ішінде бұл бастама жүзеге асырылды.
Сондықтан, ауыл әкімдерінің алдағы тікелей сайлауы-саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға.
Әкімдердің сайланбалылығы бұрын да болған, бірақ ол тікелей емес еді. Әкімдерді мәслихаттар сайлады. Енді “сайлау туралы” Конституциялық заңға енгізілген толықтыруларға сәйкес азаматтардың өздері аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлайтын болады.
Қазір жергілікті басқару өз алдына дербес бола бастады. Өздеріңіз білетіндей, ауылдардағы жергілікті қауымдастықтар төртінші деңгейдегі бюджеттерді басқаруға қатысып жатыр, бұл кезде тұрғындар жергілікті бюджетті не үшін жұмсау керектігін анықтай алады. Сайлау туралы заңға қабылданған толықтырулар жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының дербестігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Әлбетте, жергілікті жерлерде олар қандай проблемалардың ең өзекті екенін жақсы біледі және тез арада шешуді талап етеді. Сайланған әкім сайлаушылар мен жергілікті қоғамдастық алдында жауапты болады. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары бірлесе отырып, қоғамның сұраныстарына неғұрлым тиімді және жедел ден қоя алады.
Ауыл тұрғындарының өз қажеттіліктері мен талаптары бар, олар қала тұрғындарының қажеттіліктерінен өзгеше. Демек, әкімдікке кандидат ауылдық жердегі өмірдің ерекшелігін және өз өңірінің нақты күн тәртібін білуге тиіс. Әйтпесе, сайлаушылар оған өз дауыстарын бермеуі мүмкін. Кандидат ретінде сайлауға қатысатын әр адамның белгілі бір ауылдың, кенттің немесе ауылдық округтің мәселелерін шешуге бағытталған іс-қимыл бағдарламасы болуы мүмкін. Осылайша, ауыл тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы қала әкімі лауазымына ең қолайлы кандидатқа сенім білдіре алады. Әкімшілік іс жүргізу заңына, тұтынушылардың құқығын қорғау заңына, Қазақстан Республикасы Президенті туралы заңның талаптарына сәйкес, мем­лекеттік органның басшысы, яғни ауыл әкімі міндетті түрде қазақ тілін еркін меңгеруі керек. Егер мұндай талап қой­масақ, солтүстік өңірлерде көптеген қиындық туындауы мүмкін. Мысалы, қазіргі таңда оңтүстік тұрғындарын сол­түстікке көшіріп жатырмыз, шетелдерден қандастарымыз оралып жатыр. Олар қазақ тілін ғана меңгерген. Яғни әкім мен тұрғындар арасында түсініспеушілік туындамауы тиіс.
Аудан әкімінің алдында жауапкершілік тұрғыдан ештеңе өзгермейді. Бірақ халық сайлағаннан кейін халықтың алдында жауапкершілігі өседі. Өйткені халық алдында есеп бергенде өзінің сайлау алды уәделерін орындамаған жағдайда халық, жергілікті қоғамдастықтың осы әкімді лауазымынан уақытынан бұрын шектеуге ұсыныс беруге құқығы бар тұрғыдан ештеңе өзгермейді. Бірақ халық сайлағаннан кейін халықтың алдында жауапкершілігі өседі. Өйткені халық алдында есеп бергенде өзінің сайлау алды уәделерін орындамаған жағдайда халық, жергілікті қоғамдастықтың осы әкімді лауазымынан уақытынан бұрын шектеуге ұсыныс беруге құқығы бар.
Жұмкей Нұргүл – Шортанды аудандық мәслихатының депутаты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар