Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолаушылар және жүк тасымалын қатар қамтамасыз етіп келеміз - АРҚА АЖАРЫ

Жолаушылар және жүк тасымалын қатар қамтамасыз етіп келеміз

Көлік инфрақұрылымы отандық экономиканың негізгі және стратегиялық салаларының бірі болып табылады. Ол елдің өнеркәсіптік, технологиялық әлеуетін нығайтуға, аймақаралық және халықаралық байланыстарды дамытуға зор үлес қосады. Аталмыш саланы алға бастыру мақсатында аймақ бойынша ауқымды шаралар атқарылып келеді.

Өкінішке орай, өткен жылдан бері елімізде кең таралып елді дүрбелеңге салып жатқан коронавирус инфекциясы жолаушылар көлігі қызметіне де өзіндік ықпалын тигізгені бар. Пандемияға байланысты Ақмола облысы бойынша жолаушылар көлігі саласының қызметі де шектеліп, бірнеше рет толығымен тоқтатылды. Төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін облыста 90 тұрақты, облысішілік 52 және облысаралық 38 автобус маршруттары жұмыс істеді, оларға 41 тасымалдаушы қызмет көрсетті. Үш автовокзал және екі автостанция, тоғыз жолаушыларға қызмет көрсету пункті қызмет көрсететін. Ағымдағы жылы қалааралық маршруттардың қозғалысына 3 наурыз бен 15 шілде аралығында (3 шілде аралығы облысаралық) рұқсат етіліп отыр. Осы кезеңде 13 тасымалдаушы тек 15 маршрут бойынша автобус қатынасын жаңартты. Облыстық жолаушылар көлігі ұзақ уақыт тоқтап қалуына байланысты тасымалдаушылардың көпшілігі өз қызметін тоқтатып, автобустарын сатты, қазіргі таңда автовокзалдар мен автостанцияларды жабу үрдісі жүріп жатыр. Меншік иелері осы әлеуметтік маңызы бар нысандарды сатылымға шығаруда. Себебі, негізгі табыс облысаралық бағыттар бойынша билеттер сатылмайды.
Қазіргі таңда тасымалдау саласында тек 69 тұрақты қалалық және қала маңындағы автобус маршруттары жүзеге асырылады, олар 18 тасымалдаушыға қызмет көрсетеді. Қалалық маршруттарға тартылған жылжымалы құрам 249 бірлікті құрайды. Қоғамдық көлікте жол жүру құны 60 теңгеден 100 теңгеге дейін тұрады. Мәселен, Степногорск қаласында 60 теңге болса, Степняк, Макинск, Ақкөл, Атбасар, Державинск, Есіл, Көкшетау, Щучинск, Шортанды қалаларында 80 теңге болса, Ерейментау қаласында 90 теңге, ең қымбаты Балкашино селосында, ондағы жолақы 100 теңгені құрайды.
Ақмола облыстық мәслихатының шешімімен өңіріміздегі әлеуметтік маңызы бар жол қатынастарының тізбесі бекітілді. Тізбемен субсидиялауға жататын 56 маршрут анықталды. 2021 жылы субсидиялауға бөлінген қаражат көлемі 710 миллион теңгені құрайды. Жалпы, тұрақты қалалық автобус маршруттарын дамыту саласында көп көңіл бөлінуде. Мәселен, соңғы екі жылда «Автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны» орындау шеңберінде қоғамдық көлікке жергілікті бюджеттен бөлінген инвестиция көлемі 1,8 миллиард теңгені құрады. Осы қаражат шеңберінде тасымалдаушылардың шығындарын ішінара субсидиялау қамтамасыз етілді, 94 бірлік жаңа автобус сатып алынды, Көкшетау қаласында жолақысын төлеудің электрондық жүйесі енгізілді.
Ағымдағы жылы тағы 18 бірлік автобус сатып алып, облыс орталығының қоғамдық көлік паркін 100 пайыз жаңарту жоспарлануда. Өкінішке орай, Сovid-19 пандемиясы жолаушылар тасымалы жұмысына өз ықпалын тигізіп жатыр. Статистикалық деректерге сәйкес, 2020 жылы тасымалданған жолаушылар саны 2019 жылға қарағанда 69 пайызға төмендегені белгілі болып отыр. 2021 жылдың алты айында облыс көлігімен 147,5 миллион адам тасымалданды. Ол былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама төмен. Көлік саласы көрсеткішінің төмендеуінің негізгі себебі халықаралық, облысаралық тасымалдардағы пандемияға байланысты қолданыстағы шектеулер, қалааралық бағыттардағы жолаушылар ағынының төмендеуі болып табылады.
Өткен жылы көлік инфрақұрылымының жекелеген нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде теміржол вокзалының ғимараты, әуежай қонақ үйінің ғимараты, аэровокзал терминалын жөндеу, ұшу жасағы ғимаратының қасбетін күрделі жөндеу және автовокзал қасбетін жөндеу жұмыстары ойдағыдай атқарылды.
Көлік саласының көпғасырлық тарихы, өзіндік дәстүрлері қалыптасқан. Осы орайда, бұл қызметке бар ғұмырын арнаған өз ісінің кәсіби шеберлеріне, сала ардагерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Келе жатқан кәсіби мереке қарсаңында ардагерлеріміз бен сала қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілесек дейміз. Әрдайым жолдарыңыз ашық болсын, әріптестер!
Владимир КУЛАКОВ,
Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар