Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ашықтық жоқ жерде, жемқорлық қатері де болады - АРҚА АЖАРЫ

Ашықтық жоқ жерде, жемқорлық қатері де болады

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен Ақмола облыстық әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында ауыл шаруашылығы саласына субсидия бөлу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралып, талқыланды.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бо-
йынша департаментінің басшысы Арман Рахымов өңірдегі сыбайлас жемқорлық ахуалы туралы баяндама жасады. Ол мемлекет басшысының бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту барысында қабылданған заңнамалардың маңызына тоқталып, осы орайда қолға алынған жемқорлыққа қарсы бірқатар жобалар мен бастамалар туралы айтып өтті. Солардың қатарында «Адалдық алаңы», «Адал білім», «Антикор» орталығы, сервистік әкімдіктер жобалары бар.
–Жыл басынан бері облыста жемқорлық қатерлерін болдырмау мен алдын алу мақсатында өңірдің 7 мекемесіне ішкі талдау мониторингтерін жүргіздік. Соның нәтижесінде 97 сыбайлас жемқорлық қауіп-қатері анықталды. Оларға 37 ұсыныс жасалды. Мысал келтірсек, Ақмола облысы аграрлық аймақ, сол себепті мұнда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жағынан туындайтын мәселелерге көптеп көңіл аудару қажет. Бұл жерде субсидия беру механиздерінің ашық болмауы салдарынан сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерін туғызатын жағдайлар көп, –дей келе, департамент басшысы қылмыстық істер бо-
йынша шығарылған сот үкімдері негізінде жауапқа тартылған лауазымды тұлғалардың жазасы жайында сөз қозғады.
–Соңғы 5 жылда субсидиялауға 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Ал, агенттік тексерген қылмыстық істердің 54 пайызы ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияны жымқыру бойынша қозғалып отыр, – деп Арман Рахымов облыс әкіміне бұл мәселелерді шешу жолдарын бірлесе қарастырып, қажетті ұсыныстарды енгізу жайындағы өз пікірін білдірді.
Сондай-ақ, отырыс барысында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «Ақмола – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асырудың қорытындылары туралы облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов айтып берді. Бүгінде облыс аумағындағы барлық қалалар мен аудан орталықтарында 19 сервистік әкімдік іске қосылып, халыққа барынша ашық қызмет көрсетіп жатқандығы белгілі. Баяндамашы олардың сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың тиімді тәсілі екендігіне ерекше назар аударып, бүгінде ауылдық аймақтардағы әкімдіктерді осындай форматқа ауыстыру бойынша мәселе қарастырылып жатқандығын айтты.
Бұдан әрі облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіров 2020 жылғы және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өзі басқарып отырған мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданылған шаралардың тиімділігі жайында баяндады.
Комиссия отырысының соңында жоғарыда аталған департамент басшысы Арман Рахымов құрылыс саласына қатысты сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу кезінде және құрылыс компанияларымен келісім-шарттар жасағанда асықпау қажеттігін ескертті. Жыл соңында бюджет қаражатын игеру мақсатында қаржыны алдын ала аударып жіберіп, кейін сыбайластық қауіп-қатерлердің орын алмауына қатысты мәселелерді айтып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар