Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоқиқаздар өлкесіндегі әлеуметтік жоба - АРҚА АЖАРЫ

Қоқиқаздар өлкесіндегі әлеуметтік жоба

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қорғалжын ауданында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға арналған «Жас орнитолог» әлеуметтік жобасы іске қосылды.

Жобаны Қорғалжын экологиялық обсерваториясы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты аясында Қорғалжын аудандық әкімдігімен бірлесіп жүзеге асыруда.
Жоба аясында шілде айының соңында орнитологиялық орталық пен Қорғалжын қорығына ауданнан және Нұр-Сұлтан қаласынан ерекше қажеттілігі бар 60 бала еріп жүрушілермен бірге келіп, олар үшін мазмұнды үш күндік оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді, қатысушылар ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша жіберілді.
–Қорғалжын экологиялық обсерваториясында балалар мен жастарға арналған құстарды бақылау бағдарламасы әзірленіп, екі жыл сәтті жүзеге асырылуда, ол кәсіби орнитологтар мен экоактивистер тарапынан жоғары бағаға ие болды. Бұл бағдарлама есту және көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға бейімделген, ал, күрделіліктің бірінші деңгейі бағдарламаны ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Балалар тәжірибелі педагогтардың жетекшілігімен теориялық курстан өтті, орнитология, энергия үнемдеу, табиғаттану негіздерін зерттеді, табиғи ортада құстарды бақылаудың практикалық курсын меңгерді, құстарды театр құзыреттілігі арқылы зерттеді, – дейді әлеуметтік жобаның авторы Қорғалжын экологиялық обсерваториясының жетекшісі Құралай Түспекова.
Экологиялық обсерватория басшысының айтуынша, жалпы, ауданнан және еліміздің басқа өңірлерінен жоба аясында 100-ге жуық қатысушыны қамту жоспарланған.
Жоба қорытындысы бойынша барлық қатысушылар «Telegram» және «WhatsApp» мессенджерлерінде арнайы құрылған чаттарға қосылады, онда олар өздері оқып, үйреніп жатқан саланың оқу материалдарымен және жаңалықтарымен таныса алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар