Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Цифрлық телевизия дәуірі - АРҚА АЖАРЫ

Цифрлық телевизия дәуірі

Бүгінгі таңда аналогты телевизия ескіріп, ол заманауи цифрлық хабар таратумен алмастырылып жатыр. Қазір бүкіл әлемде сапалы телевизияның жаңа стандартына көшу белсенді жүзеге асырылуда. Қазақстан шетте қалып отырған жоқ, 2018 жылдан бастап республикада аналогты телевизияны толық өшіре отырып, цифрлық эфирлік телехабар таратуды кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі жоба іске асырылып келеді. Қазірдің өзінде Қазақстанның бірқатар облыстарында ескірген телехабар тарату 100% өшірілді. Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары сапалы цифрлық телевизияны еркін, сенімді қабылдау мүмкіндігіне ие.

Жобаны іске асырудың төртінші кезеңі аясында биылғы 1 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан қаласында аналогты телевизияны толығымен өшіру жоспарлануда. Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі арқылы астана тұрғындары мен қонақтарына цифрлық сапада 25 телеарна қолжетімді, атап айтқанда: «Qazaqstan», «Хабар HD», «Хабар 24», «BALAPAN», «Ел Арна», «Kazakh TV», «ABAI TV», «Первый канал Евразия», «Астана», «Qazsport HD», «МИР», «КТК», «НТК», «Седьмой канал», «31 канал», «СТВ», «Almaty», «TALIM TV», «ATAMEKEN BUSINESS», «Тұран ТВ», «Hit TV», «Gakku Media», «MuzLife», «Той думан» және «Новое телевидение».

Цифрлық телевизия мен аналогты телевизияның айырмашылығы неде, оның жауабы айқын. Қазақстандықтар цифрлық ТВ-ға көшкенде бұрынғыдан анағұрлым көп арналарды көре алады. Сонымен қатар, ЦЭТВ кескін пен дыбыстың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Мұнда «аналогтан» айырмашылығы, кескін үзілмейді, дыбыс жоғалмайды. Бұл жерсеріктік немесе кәбілдік телевизиямен бірдей, бірақ олардан цифрлық эфирлік хабар тарату су тегін болуымен ерекшеленеді.

Оған қосылу үшін абонент өз теледидарының DVB-T2 цифрлық тарату стандартын қолдайтынына көз жеткізіп, тек дециметрлік антенна қосуы керек. Егер теледидарлар DVB-T2 стандартын қолдамайтын болса, онда цифрлық сигнал қабылдағыш сатып алуға тура келеді.

Аналогты телевизияны толық өшіре отырып, цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу жөніндегі жобаны іске асыруды аяқтау мақсатында Қазақстанның барлық аумағы бойынша 827 цифрлық радиотелевизиялық станция салу және жаңғырту жоспарлануда. Бүгінгі күні 546 радиотелевизиялық станция пайдалануға берілді, осылайша, халықтың 91,11%-ының цифрлық телевизияға кепілді түрде қол жеткізуін қамтамасыз етуге жол ашылды.

«Қазтелерадио» АҚ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар