Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Медиация – дауларды шешудің тиімді жолы - АРҚА АЖАРЫ

Медиация – дауларды шешудің тиімді жолы

Біздің мемлекет өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын тану арқылы сотпен қорғалудың конституциялық принципін жүзеге асыру тәсілдерінің қағидатты жолдарын айқындайды. Сөйтіп, Ата Заң арқылы келісімге келу үрдістерін белсенді қолдана отырып, дауларды шешу, нақты мән-жайларды анықтау, ауыр соқпайтын істер бойынша сот өндірісін жеңілдетуге бағытталған әрекеттер жасалуда.

Сондай әрекеттердің бірі – медиация. Медиация адам құқықтарын, бостандықтарын құрметтеуді арттыруға, өркениетті азаматтық және тұлғаралық қатынастарды қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға, әлеуметтік және өзге де қайшылықтарды, жанжалдар мен дауларды сындарлы диалог жолымен шешуге бағытталған тиімді татуластыру рәсімдерінің бірі болып табылады.
Елімізде медиация институтын енгізу және дамыту үшін белгілі бір нормативтік-құқықтық негіз қалыптастырылып, 2011 жылғы 28 қаңтарда «Медиация туралы» заң қабылданды.
2018 жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізіп, қол қойған болатын, соған сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы медиация институтын дамытуға ықпал етеді.
Қазіргі уақытта «Қоғамдық келісім» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұсынымдарына сәйкес «этносаралық ортадағы жанжалды көріністерді қабылдамауға бағытталған әлеуметтік нұсқауларды әзірлеу арқылы медиация институтын дамыту» жобасын іске асыруда. Жоба дау-жанжалдарды соттан тыс, сотқа дейін реттеу және дауларды сотта реттеудің баламалы тәсілі ретінде медиация институтын дамытуды көздейді. Медиативтік келісімдер отбасы-тұрмыстық, қаржы-экономикалық, мүліктік, еңбек даулары, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын қылмыстық теріс қылықтар, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі қылмыстар туралы істер бойынша жасалуы мүмкін.
2018 жылы Ақмола облысы алғаш рет Қазақстан халқы ассамблеясының «Үздік медиатор» байқауына қатысып, онда жерлесіміз кәсіби емес медиатор Ғайша Сыздықова 2- орын алды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде 5 тамызда «Қоғамдық келісім» мекемесі медиация күніне орай «Ашық есік күні» форматында акция өткізеді. Айта кету керек, 5 жыл ішінде медиация институтына жанжалдарды шешудің балама тәсілі ретінде қызығушылық артып келеді.
Ағымдағы жылғы 19 ақпанда «қоғамдық келісім» мекемесінде облыстың кәсіби және қоғамдық медиаторларының, судьялардың, ҚХАА қоғамдық құрылымдар өкілдерінің-қоғамдық келісім кеңестерінің, аналардың, ардагерлердің қатысуымен «Медиация саласындағы жұмысты жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Осы іс-шара шеңберінде «халықаралық медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы бойынша өкілдігімен медиация институтын дамыту саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, бүгінде «Қоғамдық келісім» мекемесінде медиация кабинетінің ашылып, жұмысын жүргізуде. Онда кәсіби медиаторлар халыққа ақысыз негізде кеңес береді. Кеңес алуға өтінімдер www.ddakmo.kz сайтында онлайн қабылданады немесе 8 7162 72 31 71 телефон нөміріне хабарласуға болады. Кабинет ашылғаннан бері мұнда 40-тан астам азамат кеңес алды.
Жуырда ҚХАА медиация кеңесінің отырысы өтіп, онда кеңестің жаңартылған құрамы бекітілді, оның құрамына облыстық маңызы бар барлық қалалар мен аудандардан жұмыс істеп жүрген судьялар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар кірді, жаңа төраға мен төрағаның орынбасары сайланды.
Медиация институтын түсіндіру жұмыстарын жүргізу және халық арасында насихаттау мақсатында «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Instagram» парақшасында медиация мәселелері бойынша тікелей эфирлер тұрақты негізде өткізіледі. Эфирге сарапшылар – судьялар, психологтар, билер, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, кәсіби медиаторлар шақырылады.
Бүгінде медиация іс жүзінде дауларды конструктивтілік пен ашықтық қағидаттарына сәйкес шешуге мүмкіндік беретін институтқа айналды.

Әділ РАЕВ,
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің талдау және
мониторинг бөлімінің жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар