Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Білім күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Білім күнімен құттықтауы

Қымбатты балалар, құрметті педагогтар мен ата-аналар!
Сіздерді шын жүректен Білім күнімен құттықтаймын! Бірінші қыркүйек – бұл біздің әрқайсымыз үшін ерекше күн. Бұл мерекені балалар да, мектептегі жарқын балалық шағын қимастықпен еске алатын үлкендер де ерекше бір сезіммен атап өтеді.
Тәуелсіздіктің 30 жылында біздің еліміз елді модернизациялауда, экономика мен әлеуметтік саланы, ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуда айта қаларлықтай жетістіктерге жетті. Қазақстанның болашақ дамып өркендеуі, мемлекетіміздің жаңа жетістіктері үшін әрине, біздің азаматтарымыздың жаңа ұрпақтары үлкен негіз болып табылады. Сондықтан, біздер ересектер үшін басты міндеттер – олардың өзіндік ойлау қабілетін, сана-сезімін одан әрі дамытып, аша түсу, еліміздің нағыз патриоттарын тәрбиелеу.
Коронавирус пандемиясы оқу процесін де айналып өтпеді. Былтырғы оқу жылында бірқатар күрделі мәселелерді шешуімізге тура келді. Мұқтаж балалар үшін 20 мыңнан астам компьютер сатып алынды, 14 мың педагог онлайн оқытуды ұйымдастыру бойынша курстардан өтті. Алайда, осы бір қиын кезеңде де біздің мұғалімдер өздерінің біліктіліктерін тек облыстық конкурстарда ғана емес, республикалық конкурстарда да жан-жақты көрсете білді. Ал, олардың шәкірттері олимпиадалардың, ғылыми-жобалар конкурстарының жүлделі орындарының иегерлері атанды.
Биылғы жылы білім саласының бюджеті 132 миллиард теңгеден астам, бұл облыс бюджетінің үштен біріне жуығын құрайды. 10 миллиард теңгеге 32 білім нысанының, соның ішінде 12 мектептің құрылысы және реконструкциясы жалғастырылуда. Солардың ішінен 5 оқу орнын және қосымша корпусты биыл тапсыру жос-парлануда. 1700-ден астам балаға арналған 7 бала бақша салынуда. Мектептерді модернизациялауға үлкен көңіл бөлініп келеді. Кітап қорын толықтырудан автокөлік алуға дейін көптеген мәселелер сәтті шешімін тауып, қосымша білім беретін ұйымдар желісі дамуда, балалар мен жасөспірімдерге спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде.
Білім күні біздің аймақта 130 мың оқушы мектеп партасына отырады. Бірінші сыныпқа келетін 14 мың бала үшін алғашқы мектеп қоңырауы соғылады. Биылғы оқу жылын біздің балалар штаттық режимде бастайды. Алайда, біз оларды қатерлі індеттен сақтандыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бұл үшін біздің әрқайсымыз жоғары жауапкершілікте болуымыз, санитарлық шараларды сақтауымыз, маска тағу режимін ұстануымыз, қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцинация алуымыз қажет.
Осы күні барлық ақмолалықтарға зор денсаулық, жайлылық пен төзімділік, отбасының амандығын және жаңа оқу жылының табысты өтуін тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар