«Еgemen Qazaqstan» газетінде ұзақ жылдар қызмет істеген, белгілі ақын, талантты журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжолдың бас басылымда үш-төрт жыл бұрын жарық көрген «Қазақ қазынасы» деген мақаласы Білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы білім беретін мектептің тоғызыншы сыныбына арналған «Өзін-өзі тану» оқулығына еніпті.
Қарымды қаламгер аталған мақалада рухани қазына туралы ой толғай келіп: «Қазақ даналығындағы жеті қазына қатарынан ақыл-парасат пен пейіл-көңілдің ойып тұрып орын алуы бекер емес. Бажайлап үңілсек, байлықтың кені – адамның өзі, оның жан-жүрегі екен. «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы, Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы. Сол жүректен жылылық достық пенен бұлақша ағып ғаламға тарамақшы» дейтін Абай ғақлиясы да осыған саяды» деп жазады.
Азамат Есенжол,
«Еgemen Qazaqstan».