Дүниежүзілік туристік ұйым Бас Ассамблеясының (ЮНВТО) қарарына сәйкес 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні болып табылады. Бұл шешімді әлемдік қауымдастық туризмді ілгерілету, оның экономикаға қосқан үлесін көрсету, әртүрлі елдердің халықтары арасындағы байланыстарды дамыту мақсатында қабылдаған болатын.
Аталған мереке әлемде 20 жылдан астам уақыттан бері кеңінен аталып келеді. Табиғаты сұлу, көрікті Бурабайы бар Ақмола облысында туризм саласы ерекше орын алады. Өңірдің туристік кластеріне туризм саласындағы 500-ден астам кәсіпорын кіреді. Мұнда «Бурабай», «Бұйратау» және «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, сондай-ақ, 900 тарих және мәдениет ескерткіш бар. Ақмола облысында Көкшетау қаласы мен Бурабай, Зеренді, Қорғалжын және Ерейментау, Біржан сал аудандарының тарихи және киелі орындары бойынша 73 туристік танымдық мар-шруттар жұмыс істейді.
Коронавирус пандемиясы біздің елімізді ғана емес, әлем жұртшылығын қатаң сынға салды. Карантин мен оқшаулар шараларының туризм саласына тигізген кері әсері аз емес. Қалай дегенмен де, Қазақстанның солтүстік аймағы туризм кластерін кешенді жүргізу арқылы демалыс және сауықтыру кешендерімен туристердің үнемі назарында. Мәселен, жаз айларында 500 мыңнан астам туристке қызмет көрсетілді. Статистика қызметкерлерінің алдын ала деректеріне сәйкес, Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қызмет көрсетілген келушілер саны 317,8 мыңды құрады, оның ішінде орналастыру орындарында тоқтағандар саны – 55,6 мың адам. Туристік сапарлар бойынша жылдың соңына қарай 600 мыңнан астам адам болады деген болжам бар. Орналастыру объектілері 1,9 миллиард теңге сомасына қызметтер көрсетті, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 55,8 пайызға жоғары. 2021 жылғы қаңтар-маусым айларында туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,6 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4 миллиард теңгеге, яғни, 1,7 есе артық.
Біз әлем сүйсінген бұла табиғаты бар Щучье-Бурабай курортты аймағында заманауи туристік индустрияның қалыптастырудағы мемлекеттік қолдауға дән ризамыз. Мемлекет назарының арқасында Қазақстанның інжу-маржаны Бурабай өлкесі жыл сайын жаңара түсуде. Бұл ең алдымен, курорттың бірегей жерлеріне тек отандық қана емес, сонымен қатар, шетелдік туристерге де кең қолжетімділікті ашатын инфрақұрылым. Бурабайдың өзінде ғана соңғы жылдары әлемде баламасы жоқ халықаралық «Бурабай» шаңғы трамплинг кешенін, адамзат дамуының эволюциясында айшықты ізі бар ашық аспан аясындағы тұңғыш «Ботай-Бурабай» этнокешенін ерекше атап өтуге болады. «Абылайхан» экспозициялық кешені де, туристердің көзайымына айналған. «Discovery» аумағындағы аквапарк, жанында балаларға арналған түрлі аттракциондары бар шолу дөңгелегі де туристердің көңілінен шығуда.
Биыл Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға 7,8 миллиард теңге бөлінді. Облыс әкімдігі «BI-Group» компаниясымен бірлесіп Бурабай кентінің рекреациялық кластерінің (қонақ үй-спа, бюджеттік қонақ үй, аквапарк, спорт кешені, тақырыптық парк) жобалық тұжырымдамасын әзірледі. Сондай-ақ, «Bergutty» компаниясы медициналық және демалыс орталығын салуды көздейтін «Koktal town» көпсалалы паркінің «Бақыт аралы» жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Жобаны Жөкей көлінің жағасында жүзеге асыру жоспарлануда.
Өңірдің туристік инфрақұрылымдық кешенін дамыту үшін 2021 жылы жалпы инвестиция көлемі 6,7 миллиард теңгені құрайтын
22 жобаның 1,6 миллиард теңгені құрайтын 7 жобасы іске асырылды. Атап айтсақ, «Wyndham Garden» қонақ үйінің құрылысы «AQBURA Resort» отбасылық үлгідегі курорт құрылысы көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Қазіргі таңда Бурабай кентінің туристік инфрақұрылымына инвестиция салуға дайын BI Group, Hilton Hotels & Resorts, Sembol Construction, Radisson Hotel Group, Bazis Holding Company, КГС Сауда ірі компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
Коронавирустық инфекциядан туындаған қазіргі жағдайлар ішкі туризмнің әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді. Шекаралардың жабылуы кәсіпкерлерді демалыстың жаңа түрін – перспективалы бағыттардың бірі болып табылатын глэмпингті дамытуға жол ашып отыр. Ағымдағы жылдың маусым айында көркем Жөкей көлінің жанында жеке кәсіпкер «Жакибаева» «Лес и Звезды» туристік нысанын ашты. Демалыс аймағының аумағында 10 тентхаус орналасқан. Олардың әрқайсысында 2-ден 5 адамға дейін орналаса алады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жеке кәсіпкер «Байбосынова» «Орбита Жукей» жаңа глэмпингтік аймағы өз жұмысын бастады.
Өңірлік деңгейдегі туристификациялау картасының топ-50 нысанына кіретін Зеренді курорттық аймағы өңірдің туристік әлеуетін дамытудағы маңызды нысан болып табылады. Туристік өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге өңірдің курорттық аймақтарының туристік объектілерін аумақтық байланыстырған Щучинск – Зеренді автомобиль жолын пайдалануға беру елеулі үлес қосты. Курорттық әлеуетті дамыту үшін Зеренді курорттық аймағын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары өңірлік деңгейдегі бағдарламалық құжат қабылданды. Сондай-ақ, Елорда маңындағы туризм аймақтарын дамыту мәселесі де басты назарда. Бұл мақсатқа 642,0 миллион теңгеге инвестиция тартылып, 5 жобаны іске асыру басталды. Оның ішінде 20 глэмпинг орнату, «Эко ферма» салу (Ақкөл ауданы), «Чистые пруды» демалыс аймағының өндірістік қуатын кеңейту және жол бойындағы сервис объектісін салу (Целиноград ауданы). Мұнда туризм қызметтерін ұсынатын абаттандырылған демалыс аймақтарының желісі жұмыс істейді, оның ішінде «Бейбарыс» демалыс базасы (Аршалы ауданы), «Family Garden» демалыс аймағы (Ақкөл ауданы), «Золотой фазан», «Балқарағай», «Green Park» демалыс орталығы (Целиноград ауданы) және басқалары.
Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде Ақмола облысының туристік өнімдерін ілгерілетуге бағытталған жарнамалық графикалық контент орналастырылады. Ақмола облысының туристік әлеуеті туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жаңартылған (www.visitaqmola.kz) сайты жұмыс істейді. Мұнда анықтамалық-ақпараттық жолсілтеме, QR-кодты сканерлеу, бағалары мен байланыстары бар танымал маршруттарды қамтитын «Visit Aqmola» мобильді қосымшасы да бар. Сондай-ақ, ақпараттық киоскілерге арналған оффлайн бағдарлама әзірленді.
Әлеуметтік желілерде өңірдің туристік және инвестициялық тартымдылығын ілгерілету бойынша «Зерттелмеген Ақмола» жобасын іске асыру жалғасуда. Туристерге қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында экскурсия жүргізушілерді қысқа мерзімді даярлау курстары жүргізілуде. Ақмола облысының туризм басқармасы Бурабай курортында 2 ақпараттық тур және өңірдің бұқаралық ақпарат қызметкерлері үшін бір баспасөз турын өткізді.
Жүргізіліп отырған саясат туристік өнімнің саралануына, нөмірлік қордың кеңеюіне және орналастыруды қамтамасыз етуге, 2025 жылы 1,5 миллион адамға болжамды туристік ағымға байланысты өңірдің туристік саласының дамуына жаңа серпін береді. Осы орайда, Ақмола облысының туризм саласының қызметкерлерін Дүниежүзілік туризм күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Жұмыста табыс, отбасыларына амандық тілеймін!
Андрей ПОДГУРСКИЙ,
Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы.