Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әңгіме арқауы – ұлт руханияты - АРҚА АЖАРЫ

Әңгіме арқауы – ұлт руханияты

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында  Мемлекет басшысының халқымыздың қасиетті даласы – Ұлытау төрінде «Хабар» телеарнасына берген сұхбаты бойынша «Ұлытау – тарихымның қайнары, елдігімнің айдары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Тарих, тіл, ұлттық руханият мәселелері әр қырынан қаралған бұл жиынды облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Шараны ашып, жүргізіп отырған бірлестік төрағасы Мейрамбек Қиықов озық отыз елдің қатарына кіруге бағыт алған, Мәңгілік ел болуға ұмтылған халқымыз үшін ел руханияты мәселелерінің қашанда  маңызы зор екенін тілге тиек етті. Бұдан кейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сақтаған Сәдуақасов сан ғасырлық бай тарихқа ие жұртымыздың осы мұрасын бүгінгі ұрпақтың жадында жаңғыртудың  кешенді шаралары жайында айтты. Қашанда мәдениеттер мен өркениеттер ықпалдастығына зор мән беретін еліміздің жаһандану дәуірінде де өзгелермен  байланысын нығайта түсуі заңды құбылыс. Бұдан әрі басқарма басшысының орынбасары алдағы жылы Елбасының ұйғаруымен Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы атап өтілетініне байланысты  облыста 200 ірілі-ұсақты шаралар ұйымдастыру көзделіп отырғандығын тілге тиек етті. Бұл да өскелең ұрпақтың бойындағы отаншылдықты қалыптастыруға бағытталған игі қадам. 
Конференцияда бұл айтулы датаны  атап өтудің, әрі хандықтың құрылған мерзімін нақтылаудың ел тарихы үшін үлкен жетістік екеніне тоқталған   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті жанындағы Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқынбаев өз сөзінде әсіресе, Елбасы сұхбатында кең көрініс тапқан ел бірлігі мәселесіне ерекше мән бере сөйледі.
«Сұхбат алаңы ретінде  ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан қазақ даласының ішінде неге Ұлытау таңдалып алынды?» деген сауалға Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов дәйекті жауап берді. Ғаламзат жаратылысының тарихшылар жіктейтін төрт дәуірінің алғашқы кезеңінде пайда болған Ұлытаудың тарихы тереңде жатыр. Адам баласының осыдан көп уақыттан кейін, төртінші кезеңінде жаратылуы да оның алғашқы тіршілік бастауының куәгері екенін айғақтайды. Бір жақ шеті Арал, бір қиыры Арқада жататын бұл жоталарда үш жүздің басын қосқан Абылай хандық құрған, хандық дәуірдің ең соңғы тұяғы саналатын Кенесарыны да осы топырақта ақ киізге салып, хан көтерген. Бұдан басқа, Ұлытау – сөзге бай талай шешендер мен ақылы дария көсемдердің, дәулескер күйші, ақпа жыршылардың мекені болған. Ел тарихының шешуші оқиғалары да осы мекенде өткен.  Сондықтан да, мұндай маңызды сұхбатқа осынау жердің таңдалып алынуы тегін емес. Бұдан әрі Ақмола, Көкше өңірлерінің тарихына қатысты өзекті мәселелерге де тоқтала кеткен ғалым мынадай деректерді келтірді.  Сексен көлі бар деп есептелетін Көкшетауда бұрын 167 көл, ал, облыста төрт мыңға тарта өзен-көл болған екен. Өкінішке орай, Оқжетпес пен Жұмбақтас жөніндегі көптеген аңыз да ұмытылып барады.  Қазір асқан батырлықтың, ерліктің эталоны саналатын Мәлік Ғабдуллиннің туған ауылында екі-үш үй ғана түтін түтетіп отыр. Адамдар нулы орман, шұрайлы мекендерін тас-тап, жапа-тармағай қалаға көшіп жатыр. Зиялы қауым өкілі мұны бабалар мекеніне деген құрметтің, жанашырлықтың аздығымен байланыстырды. Осы үзілгелі тұрған алтын жіпті жалғау үшін ол  «Абылай хан жолы» атты тарихи жолды қайта қалпына келтіруді ұсынды. Сонда ауылдарға  да ажар кіріп, ұрпақтар сабақтастығын сақтап қалуға мүмкіндік туар ма еді?!.
Шара барысында Қадыржан Әбуев, Сәбит Жәмбек, Ақбота Бексейітова, Ерболат Баят сияқты өңірдің белгілі тарихшылары мен әдебиетшілері сөз алып, айтылған пікірлерге өзіндік ойларын қосты. Конференция аясында Елбасы еңбектерінен және мерзімдік басылымдарда жарияланған ұлт руханияты, тарихына қатысты мақалалардан тұратын «Ұлытау төріндегі толғаныс» атты  кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар