Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өрбиді - АРҚА АЖАРЫ

Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өрбиді

Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Отанға деген ыстық сезім осы отбасыдан бастау алады. Ал, Отанына деген сезімі бар адамның отбасынан жақсы тәлім-тәрбие алғандығын білдіреді.

Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады. Сондықтан, туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Қалалық үлгілі қазақ кітапханасында Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарды нәсихаттау, жанұя беріктігінің сырларымен бөлісу мақсатында көп балалы Мінайдаровтармен отбасымен «Отбасы – алтын ұя» атты кітапханалық журфикс болып өтті. Шараға  көп балалы аналар, бизнес пен отбасыны сабақтастырып жүрген аналар, ақ жаулықты әжелер және кітапхана оқырмандары қатысты.
Шарада отбасы тақырыбындағы қазіргі уақыттың өзекті мәселелері сөз етіліп, қоғамдағы, отбасындағы алатын орны, еліміздің ертеңі жастардың санасына ұмтыла бастаған ұлттық салт-сананы, ұлттық тәрбиені сіңіру, жайлы мәселелер талқыланды. Шара қонағы Қырмызы Байтасова әңгіме барысында жолдасымен шаңырақ көтеріп, жаңа өмірге қадам басқан сәтін еске ала отырып, отбасылық өмірдің қызығы мен қиыншылығын, шаңырақ шаттығы боп, бәйтеректей бұтақ жайып, әулетті көркейтіп, бірлік пен берекенің бесігі болар отбасы болудың қыр-сырларымен бөлісті. Олар өздерінің бастан өткерген оқиғаларымен бөлісіп, бақытты, берік жанұяны қалай құру керек екендігі жайлы сыр шертті. Шара барысында жастар өнегелі отбасыларды өздеріңе үлгі етіп, өмір жолынан тағылым алары сөзсіз!
Жанар АЙТҚОЖИНА,
Көкшетау қалалық үлгілі
қазақ кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар