Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы бағын ашқан, бағытын айқындаған Көкшетау - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы бағын ашқан, бағытын айқындаған Көкшетау

1997 жылы 3 мамырда Көкшетау облысы жабылып, халық осы бір жағдайдан туындаған үлкен қиындықтарға тап болды. Облыс таратылған соң қала да, ауыл да ауыр күй кешті. Жұрттың көңілі жабырқады, тұрмысы жадау тартты. Сонда да үміт үзбей арызданды-шағымданды, жоғарыға хат жазды. Сәкен жырлаған Арқаның кербез төрінде орналасқан Көкшетаудай қаланың осылайша кері кетіп, құлдырай береріне сенгілері де, көнгілері де келмеді.

Ақыры, жарқ етіп, жақсы жаңалық та естілді-ау. Алдымен 1998 жылы Елбасының «Көкшетауды далада қалдырмаймын» деген бір ауыз жылы сөзі ел құлағына шалынды. Артынша 1999 жылдың 8 сәуірі күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының аумағы қайта қаралып, Көкшетау осы астаналық облыстың орталығы атанды. Ол қуаныштың жөні бөлек еді!.. Ел-жұрт Елбасының бұл шешіміне ерекше риза болысып, ақ алғыстарын жаудырған-ды. Іссапармен Көкшетауға әр келгенінде оның алдынан шыққан ел ағалары халықтың осы алғыс-рахметін жеткізген болатын. Тоқырап қалған қалаға қайта жан кірді. Қайтадан жұмыс орындары ашылып, қаржы құйылып, жылу, жарық жүйелері жөнделді. Содан бері Көкшетау тек қана алға басу, даму үстінде. Көкшетау Ақмола облысы аумағында орналасқан жаңа елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының тез өркендеп, тез еңсе көтеруіне елеулі үлес қосты. Ауқымды құрылыс жұмыстарын қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету, астана тұрғындарына сапалы азық-түлік жеткізу жұмыстары толассыз жүрді. Әлі күн «Астананың азық-түлік белдеуінің» берекесін келтіру біздің облыстың негізгі міндеттерінің бірі.

Көкшетаудың ерекше серпіліспен, аса қарқынды дамуы 2019 жылдан «Көкшетауда Ресей мен Қазақстанның форумы өтеді, екі ел Президенттері Көкшетауда кездеседі» дегеннен басталған. Тіпті, сол уақ келіп киліккен коронавирус індеті де бөлінген мол қаражатты игеруге бөгет бола алған жоқ. Бұған дейін қала әкімі болып істеп, қала құрылысының жөн-жосығын жақсы білетін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Сарыарқа» шағын ауданын салу, Қопа көлінің жағасындағы көне үйлерді сүріп, айнала жол төсеу, абаттандыру, Қылшақты өзенінің үстінен үш бірдей қолайлы көпір салу, жоғарғы дәрежедегі кездесу өтетін салтанатты «Болашақ» сарайын тұрғызу, қала көшелерін кеңейтіп, жарықтандыру, қала аумағына кіретін іргедегі Краснояр, Застанционный кенттерін жаңғырту сияқты жұмыстарды екпінді жүргізе білді. Көп қабатты тұрғын үйлер көптеп салынып, талай жылдар үй кезегінде тұрып тарыққандар пәтерге ие болды. Үй құрылысы бүгінгі таңда да қарқынды жүргізілуде. Атқарылған сан-салалы жұмыстар өз нәтижесін берді. Көкшетау гүл-гүл жайнап, түлеп шыға келді!

Бұл серпіліс, бұрыннан көп қабатты үйлер аулаларын абаттандыру, балалардың ойын алаңдары, ашық аспан астындағы воркаут, спорт алаңдары, жаяу жүргінші мен велосипедшілерге арналған жолдар, парктер мен скверлер салуға белсене кіріскен қала жұмысына жаңа дем берді. Қылшақты өзені жиегінен орын тепкен анфитеатр, Қопа жағалауынан көлге ұмсынған пирстер, Бұқпа тауының үстіне орналасқан айналаны қарап, тамашалауға арналған алаң, көк туды көкте желбіреткен тутұғыр!.. Осының бәрі қала тұрғындарының жанын жадыратты. Қалада салауатты өмір салтын ұстанушылар, скандинав таяғымен жүріп, велосипед тебушілер, ашық спорт алаңдарына тұрақты келіп спортпен шұғылданушылар саны күрт өсті. Көпшіліктің қала тазалығын сақтауға деген құлшынысы артып, мәдениеті өсті.

Бұрын Абылай, Шоқан, Біржан сал мен Ақан сері ескерткіштері ғана бар болса, енді олардың қатарын Мәлік батырдың, ел мақтанышы Еркін Әуелбековтің ескерткіштері, Қаныш пен Талғаттың бюстілері толықтырды. Облыстық сот ғимараты алдынан қазақтың әйгілі үш биі Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің мүсіндері орын тепті, Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге, Чернобль қасіретін көргендерге, қазақтың қасиетті домбырасына арналған ескерткіштер ашылды.

Сән-салтанаты жарасқан, мұнаралары көк тіреген, мың жарым орындық Науан хазірет атындағы, тарихи орны бөлек ескі мешіт іргесінен көтерілген Жақия атындағы, қаланың шет жағында тұратын жамағатқа қолайлы Ғалым мешіті тұрғындардың ізгі амалдар жасап, ғибадат етуіне, ата дінімізді ұстануына жол ашты. Көл жиегінен салынып, күмбезі күнге шағылысқан жаңа храм да қала сәулетін көріктендіре түсті.

Қаланың сәулеті мен дәулетінің қосарлана дамуына бизнеске қолайлы жағдай туғызудың игі әсер еткені сөзсіз. «Көкшетау минералды сулары», «Новопэк», «ЕНКИ», «Алтынтау Көкшетау», «Тыныс», «КамАЗ-Инжиниринг», «КАИК», «Евразия групп» сияқты ірі-ірі кәсіпорындар көлемді өнім өндіріп, салық қоржынына табыс түсірумен қоса, ағаш, гүл көшеттерін егіп, балалар ойын алаңдарын жасақтап, қаланың көркейе түсуіне де мол үлес қосуда.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының орталығы атанған Көкшетау қаласы дамудың жарқын жолына түсіп, көңіл қуантып, күннен-күнге көркейіп келеді.

Серік ЖЕТПІСҚАЛИЕВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретте: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылы жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына келіп, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының жаңа ғимараты алдында жұртшылық өкілдерімен жүздескен сәті.
Сурет Төлеген Қосшығұловтың жеке архивінен алынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар