Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - АРҚА АЖАРЫ

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы. Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді белгілейді.
Ұлттық рухты оятып, мемлекеттілігімізді жаң­ғырту миссиясы қазіргі жаһандық саясат сардарларының бірі – Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді. Оның тұғырлы тұлғасы ғасырлар бойы бақытты ұрпағымыз үшін темірқазықтай жол сілтеп тұрады.
Тәуелсіздік таңы атқан кезде халқымыз жаңа Қазақстанның негізін қалап, қалып­тастыруды дәл осы азаматқа сеніп тапсырды. Уақыт осынау маңызды таңдаудың дұрыс­тығын дәлелдеді.
Оның шынайы егемендіктің негізін қа­лауға, тиімді экономиканы қалыптастыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі ел дамуының басымдық­та­рын анықтауға бағытталған көпқырлы қыз­метінің мазмұны мен мәні Қазақстанның Тұңғыш Президентін қазіргі мем­ле­кет­тігі­міздің негізін қалаушы әрі ұлттың нағыз көш­басшысы ретінде
мойындау үшін салмақты дәлел болады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи фено­мені ұлттың жасампаз әлеуетін үйлестіріп, әлемде «Қазақстан барысының секірісі» деген атауға ие болған жарқын болашаққа ұмтылу үшін бүкіл қоғамды жұмылдыра алуымен ерекшеленеді.
Елбасы ойластырған саясат пен оның көшбасшылық сипаты Қазақстан экономикасын әлем бойынша экономикасы ең тез дамыған елдердің бірінің дәрежесіне жеткізді. Тұңғыш Президенттің жеке үлесі және халықтың қуатты қолдауының арқасында әлемдік қауымдастықта «Қазақстандық даму моделі» кеңінен таралды. Бұл модель терең ойластырылған бағыт бойынша біртіндеп және сенімді дамуға негізделеді.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Жақын арада біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелейміз. Бүгінде осы онжылдықтарда біздің республикамыздың қол жеткізген орасан табыстары біздің Тұңғыш Президентіміз-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор еңбегі мен көреген саясатының нәтижесі деп сеніммен айтуымызға болады. Бүгінгі таңда Елбасының осы саяси бағытын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев лайықты жалғастырып келеді. Әрбір қазақстандық үшін Ұлт Көшбасшысының есімі ең алдымен еліміз үшін тарихи рөл атқарған ең батыл бастамаларымен қымбат. Жаңа астана – Нұр-Сұлтан қаласын салудың өзі-ақ бүкіл еліміздің серпінді дамуының қуатты күшіне айналды. Ал, біздің өңір үшін бір игілік, Ақмола облысының қазіргі шекараларымен құрылуы болды. Бұл шешім агроөнеркәсіп кешенінің, өнеркәсіптің, адам капиталының дамуына қатты серпін берді.
Елбасының маңызды жобаларының бірі – астананың айналасында азық-түлік белдеуін жасау Ұлт Көшбасшысының стратегиясы дұрыс екендігін дәлелдеді. Азық-түлік белдеуі біздің аймағымызда агроөнеркәсіп кешенінің дамуын анағұрлым жеделдете түсті. Бүгінгі таңда облысымыздың республика ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлес салмағы 11 пайызды құрайды. Ақмола облысы Елордамызға сүт және ет өнімдерінің, көкөністің үштен бірінен астамын беріп келеді. Сондай-ақ, астананы жұмыртқа және картоппен толық дерлік қамтамасыз етіп отыр. Агроөнеркәсіп кешені одан әрі дамып, жаңа ет және сүт фермалары ашылуда, өндеу өнеркәсібі қуатын арттыруда. Оның үлес салмағы аймақ экономикасының жалпы құрылымында 25 пайызға жетіп отыр.
Облысымыздың одан әрі дамуына серпін берген бастамалардың бірі – Тұңғыш Президентіміздің мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Тәуелсіздік жылдарында біздің облыстың өнеркәсіп саласы үлкен жетістіктерге жетті. Оны өндіріс көлемінің 1 триллион теңгеге, соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің 870 миллиард теңгеге жетуінен аңғаруымызға болады. Елбасының тағы да бір стратегиялық жоспары Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту да еліміз үшін үлкен жетістікке айналды. Бүгінде біздің туристік аймағымыз дамыған инфрақұрылымға қол жеткізіп, астана мен облыс орталығын осы заманғы даңғыл жолмен жалғап отыр. Сөйтіп, Қазақстанның барлық өңірлері мен шет елдерден туристердің келуі ұлғая түсуде. Нұр-Сұлтан қаласының айналасында жасыл белдеу қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан үлкен жұмыстар да Елбасының келесі бір маңызды жобасы саналады. 1997 жылдан 2016 жылға дейін Елорданың айналасында егілген жасыл желек көлемі 75,1 мың гектар алаңды құраған. Бүгінгі күні біздің алдымызда бұдан да абыройлы міндет – астананың жасыл аймағын Бурабай ауданының жасыл массивімен қосу міндеті тұр.
Құрметті жерлестер! Бүгінгідей мереке күні біздің елімізге жаңа жеңістер, ынтымақ пен бірлік, тұрақтылық пен жасампаздық тілегім келеді.
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық пен жақсылық, біздің Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін!

* * *

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусы Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды!
Қазақстанның жаңа тарихы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Ол әрқашан егеменді мемлекетті құру, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру және нығайту, елдің экономикалық дамуы, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастыққа лайықты кіруі және оның халықаралық тең құқылығын қамтамасыз ету идеясын жақтаушы болды. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша елімізде жаһандану жағдайында Қазақстанның табысты бейімделуінің негізгі басымдықтарын анықтайтын мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Ең маңызды жолдың бағдары Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген. Біз бай рухани құндылықтардың мызғымас символы ретінде Ұлы Дала елі тарихи мұрасын мақтан тұтамыз және сақтаймыз. Бұл мереке бостандық пен демократия құндылықтарының мызғымастығын білдіреді, азаматтарды Қазақстанды мықты, қолайлы, гүлденген мемлекет етуге жұмылдырады. Ол өз Отанын сүйетіндерді, өз еліне, туған жеріне адалдығын сақтайтын, өзінің тарихы мен мәдениетін мақтан ететіндерді біріктіреді.
Құрметті жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, белгіленген жоспарларды жүзеге асыруды, Отан игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс, туысқандарыңыз бен жақындарыңызға бейбітшілік, бақыт пен береке тілеймін!
Мұрат Балпан,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар