Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Суицидті болдырмау – ұрпақ тағдыры мен елдің келешегін ойлау - АРҚА АЖАРЫ

Суицидті болдырмау – ұрпақ тағдыры мен елдің келешегін ойлау

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынтай Елубаевтың төрағалығымен өткен осы кеңестің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылындағы жетістіктеріміз, 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу туралы мәселелер қаралды.

Тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістіктер мен бағындырған белестер, атқарылған қыруар жұмыстар, Елбасының мемлекетімізді құру мен Елорданы тұрғызу кезіндегі сарабдал саясаты туралы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл толымды баяндама жасап, жиналған қауым тарапынан жылы пікірлерге ие болды.

– Әр қазақстандық үшін ең қастерлі құндылық, ең басты қағидат, әрине, тәуелсіздік екенін өмірлік тұғырымызға, тіршілігіміздің кредосына айналдыру міндеті тұр. Оған негізделген басқа қағидаттарды берік ұстану да ұлттық болмысымызды кемелдендірудің сенімді тетіктері деп түсінеміз. Ендігі жерде ел болып, осы мәселені жүзеге асыру жолында жұмыла шоғырлануымыз керек. Ордалы отыз жыл ішінде Қазақстан дамыған, көркейіп кемелденген мемлекетке айналды. Осы уақыт аралығында өмірге 9 жарым миллион сәби дүниеге келіпті. Ел демографиясы өсіп, экономикамыз шарықтады. Осының барлығы тұғырлы тәуелсіздіктің жемісі екені анық, – деді Ғосман Төлеғұл.

Кеңесте қаралған өзекті мәселелердің бірі – балалар арасындағы суицид. Облыста жасөспірімдер арасындағы суицид саны 30 пайызға төмендеген. Яғни, соңғы үш жыл ішінде өз-өзіне қол салған жеткіншектер қатары азайған. 2017 жылы өңірде 14 жеткіншек өз-өзіне қол салса, биыл 7 оқиға орын алыпты. Кеңесте жалпы бұл кеселден түбегейлі қалай құтылуға болатыны талқыланып, сан қырлы ойлар ортаға салынды және осы бағытта жұмыс істеп, зерттеу жүргізіп отырған қор азаматтарына түрлі ұсыныстар айтылды.

Суицид – қоғамға дендеп кірген дертпен тең. Жалпы, әлем елдерінің арасында Қазақстан суицид бойынша 7 орында екен.  Бірақ, соңғы жылдардағы көрсеткіштерге үңілсек, аз-мұз болса да жағдай түзелген. Алайда, бұған әлемді әуре-сарсаңға салған пандемия себепші дейді мамандар. Яғни, балалар қашықтықтан оқып, ата-аналарының қасында болуының арқасында осындай кесірлі әрекеттер орын алмаған.

Сондай-ақ, сала мамандарының айтуынша, жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салуына көбіне мектептегі әлімжеттік пен кемсіту секілді әрекеттер түрткі болуда. Ал, мектептерде психологиялық тұрғыдан балалардың ішкі жан дүниесін зерттеп, жұмыс істейтін, аталған дертпен күресетін психолог мамандар тапшы. Ауылдық жерлерде олар атымен жоқ деуге болады. Осыған орай, кеңес барысында бірқатар ұсыныстар айтылды.

– Психологтардың ауылдық жерлерде немесе белгілі бір мектепте тұрақты жұмыс істеуі үшін осының арнайы бір тетігі қарастырылса жақсы болар еді. Мысалы, психология мамандығын бітірген жас маманға үкімет тарапынан кем дегенде бір орында үш жылға дейін жұмыс істеу міндеттелсе және оларды мектептерге, шалғай елді мекендердегі жасөспірімдермен жұмыс істеуге жіберсе игі іс болар еді. Себебі, елді мекендерде психолог мүлде тапшы. Сонымен бірге, шағын мектептерде психологтың орны мүлдем қарастырылмаған. Ал, психологтың орны болғанымен, маман болмаса, оның міндеттерін мектепте басқа пән мұғалімдеріне жүктейді. Осыны ретке келтіру керек. Себебі, психолог пен пән мұғалімі болу екі бөлек нәрсе, – дейді «Bilim foundation» қорының атқарушы директоры Жанат Досжанова.

Иә, баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп, оны саралау – психологтың еншісінде. Қазіргі таңда, облыста 500-ден астам психолог бар екен, десе де бұл жеткіліксіз. Күрмеуі қиын мәселені қоғамдық кеңес мүшелері жан-жақты талқылай келе, бұл мәселе алдағы уақытта әлі де қарастырылатынын атап өтті. Сонымен бірге, кеңес отырысында 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет талқыланып, қоғамдық кеңес мүшесі Сара Баймағанбетованың Қазақстан Республикасының Х азаматтық форумына қатысып келгені туралы ақпараты тыңдалды.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар