Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тыныстың» еңбек мектебі - АРҚА АЖАРЫ

«Тыныстың» еңбек мектебі

Қазіргі таңда облыстың кәсіпорын-ұйымдарында «Сәтті қадам» жобасына қатысушылар үш айлық тағылымдамадан өтуде.

Жоғары оқу орындарының биылғы жылғы түлектері Диас Доголаков пен Дәмелі Жанаева «Тыныс» акционерлік қоғамын таңдаған көрінеді. 22 жасар Диас Доголаков Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «машина жасау инженері» мамандығы бойынша бітірген көрінеді. Оны сөзге тартқанымызда:
– Жұмысқа орналасуға мүмкіндік болмағанымен, жастар үшін «Сәтті қадам» жобасы туралы естіп қалдым. Сұхбаттасу кезеңінен өткен соң, мені зауытқа тәжірибе жинақтау үшін жіберіп, осында механика құрастыру цехының инженер-технологы болып сынақтан өтудемін. Кәсіпорынның сапа саясатына сәйкес біз зауыт шығаратын өнімнің қорытынды нәтижесі үшін жауаптымыз. Жұмысым өзіме ұнайды, өте қызықты, жастардың өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін партиялық жобаға алғысым зор, – деп ағынан жарылды.  
Жуырда 55 жылдығын атап өткен «Тыныс» зауыты жыл саын дамып, қуаттылығын жетілдіруде.
№2 цехының инженер-технологы Саян
Боташев құрастыру цехы зауыттың негізгі бөлімдерінің бірі екенінен, осында сапасы халықаралық стандартқа сай бұйымдар шығарылатынынан хабардар етті.
Жобаның тағы бір қатысушысы Дәмелі Жанаева металлографиялық зертхананың инженер-лаборанты болып сынақтан өтуде. Жас қыз осы жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша бітірген көрінеді.
– Қазір біз металлографиялық сараптама жүргізіп, жарылғыш машинада  шо-
йын, болат, алюминий, серіппелер сияқты түрлі металлдар нұсқаларын сынаймыз. Жұмыс жеңіл емес, бірақ өткен ай ішінде мен көп нәрсеге үйрендім, – деп ой бөлісті Дәмелі Жанаева.
 «Жас Отан» жастар қанаты  жастар өз мансаптарын Қазақстанның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында бастауға мүмкіндік ашатын «Сәтті қадам» жобасын өткен жылы жариялады. Үш ай ішінде өз қабілеттерін көрсете алған талапкерлер жұмысқа қабылданады. Жоба шеңберінде «Жас Отан» ЖҚ аймақтағы 20-ға жуық жетекші компаниялар мен мемлекеттік мекемелермен меморандумдарға қол қойды.
Ағымдағы жылда облыс бойынша жобаға қатысамын деушілерден 89 өтінім түсті, олардың ішінде сұхбаттасуға 42 түйіндеме жолданды. Тәуелсіз комиссия мүшелерімен өткізілген сұхбаттасу кезеңінің қорытындылары бойынша тағылымдамаға 17 үміткер жіберіліп, қазірде 7 жас маман аймақтағы түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп жатыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар