Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Биыл да көктемгі қауіп-қатер қатты алаңдатып тұр - АРҚА АЖАРЫ

Биыл да көктемгі қауіп-қатер қатты алаңдатып тұр

 Өткен сенбі күні облыс әкімі Сергей Кулагин өңірдегі көктемгі су тасқынының қаупі бар жерлерді әуеден тікұшақпен бақылап, тиісті қызметтер мен жергілікті жерлерге осы қауіп-қатердің алдын алу жұмыстарын неғұрлым ширата түсуді тапсырды.

Өңір басшысымен бірге тікұшақ бортында болған облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Әбдіқалықов Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Целиноград аудандарының су тасқыны қаупі бар Сілеті, Есіл, Жабай, Нұра өзендерінің бүгінгі  жағдайларын, Шағалалы және Сілеті су қоймаларындағы су тораптарының тасқын суларды өткізуге дайындықтарын тексерді. Әсіресе,  Атбасар және Сандықтау
аудандарын басып өтетін Жабай өзенінің жағдайына баса көңіл бөлінді. Өзен Атбасар ауданындағы Полтавка, Титовка, Покровка, Борисовка елді мекендері мен Атбасар қаласына, Сандықтау ауданындағы Спасское, Максимовка, Новый городок, Владимировка, Сандықтау және Балкашино селоларына үлкен қауіп төндіріп отыр.
Әуеден Зеренді, Сандықтау және Атбасар аудандарындағы өзендер мен су қоймаларындағы су тораптары бақыланды. Бұл жерде өңір басшысы су қоймасы мен өзендерге жақын орналасқан елді мекендерде  су басу қаупін болдырмас үшін жинақталған суды ағызып жіберуде мұқият болу қажеттігін қадап айтты.
2016 жылғы 26 наурыздағы жағдай бойынша Атбасар, Целиноград, Зеренді, Сандықтау аудандарында қар қоры 2015 жылмен салыстырғанда анағұрлым көп. Сондай-ақ, Есіл, Сілеті, Шағалалы өзендерінің алаптарында да қар қоры әдеттегіден жоғары. Қар күрт еріген кезде Есіл, Сілеті, Шағалалы, Нұра өзендеріндегі судың көлемі өседі деп күтілуде. Осыған байланысты ірі су қоймаларындағы су көлемін реттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта Астана, Сілеті, Шағалалы су қоймаларында жоспарлы су ағызу жұмыстарын жүргізу көзделген.
Атбасар ауданында Сергей Кулагин аудан басшылары және коммуналдық сала қызметкерлерімен кездесті. Бүгінгі таңда Атбасар облыстағы су тасқынының қаупі жоғары аудан саналады. Сол себепті негізгі күш осы ауданға жұмылдырылуда. Осындағы Заречный кентінде биіктігі
3 метр, ұзындығы 1 шақырым қорғаныс бөгеті тұрғызылуда. Оған қоса, экскаваторлар арықтарды кеңейтіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мәселесі де ойлас-тырылуда.
– Аудан орталығындағы су басу қаупі бар үйлер мен әлеуметтік нысандардың маңы құм толтырылған қаптармен қоршалып,  арықтар мен су жіберу нысандары тазалануда. Сондай-ақ,  бөгеттерді нығайту жұмыстары қолға алынған, – дейді бұл орайда аудан әкімі Андрей Никишов.
Кездесуде Сергей Кулагин су тасқынының алдын алу шараларына жүз пайыз дайын болу қажеттігін ерекше атап өтті. Бұл жерде төтенше жағдайлар бойынша су тасқынының алдын алу шараларына жұмылдырылған апаттық-құтқару мен коммуналдық сала техникасының дайындығы пысықталды.
– Биыл қар жылдағыдан көп түсті. Сол себепті, көктемгі су тасқынының қаупі жоғары. Әсіресе,  Атбасар ауданында жағдай күрделі.  Сондықтан,  алдын алу шараларын бір сәтке де кешіктірмей жүргізуіміз керек. Ертең ықтимал зардаптарды жою үшін миллиардтап қаржы жұмсағанша,  одан да осы бастан алдын алу жұмыстарын тыңғылықты жүргізгеніміз абзал, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Сонымен қатар,  өңір басшысы алдағы дүйсенбі күні көмек ретінде ауданға қосымша 20 миллион теңге қаржы және қосымша техника бөлінетінін атап өтті. Осы күні облыс әкімі Атбасардағы №4 және №1 орта мектептерінде де болып,  су тасқынының алдын алу шараларына назар аударды.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметіне қарағанда 2016 жылдың 24 наурызындағы жағдай бойынша Көкшетау қаласында 201513 текше метр, Атбасар ауданында  299082 текше метр, Зеренді ауданында 45862 текше метр, Сандықтау ауданында  42960 текше метр,  Целиноград ауданында  60000 текше метр қар сыртқа шығарылды.
Көктем келді дегенімізбен, облыс аумағындағы өзендер мен су көздеріндегі мұз қалың. Кейбір тұстарында ғана сәл жібігені байқалады. Демек, қауіп-қатердің бетін қайтару үшін қамдануға аз болса да уақыт бар.
Суреттерді түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар