Іс-сапар барысында ақмолалықтарды толғандыратын өзекті де түйінді мәселелерді талқылауға және партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру сапасын талдауға ерекше назар аударылады.
Нұротандық депутаттар облыстық маңызы бар Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалалары мен аудан орталықтарына ғана емес, 15 ауданның шалғай елді мекендеріне де барады.
Өңірдің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыру үшін кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен санитарлық талаптарды сақтай отырып кездесулер жоспарланған.
Мәжіліс депутаттарының Ақмола облысына келу кестесі
Мәжіліс депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі