Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрмыстық қалдықтарды шығарып, өңдеу мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Тұрмыстық қалдықтарды шығарып, өңдеу мәселелері талқыланды

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалында экологиялық қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Онда өңірдің экологиялық ахуалын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды шығару орындарын салып, қоқысты қайта өңдеу заводтарын іске қосу мәселелері талқыланды. Қоғамдық кеңес отырысына партия филиалының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысты.

Жиынды зкологиялық қоғамдық кеңестің төрайымы Мариям Әбішева сөз сөйлеп ашып, өңірдегі экологиялық ахуал, тұрғындар денсаулығы мен табиғатты сақтау, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың, қоғам белсенділерінің ізгі іс-әрекеттері  туралы  айтты. «Нұр Отан» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партияның 21 съезінде алға қойған міндеттеріне орай, «Жасыл Даму» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, бірқатар түйінді мәселелерді шешу қажеттігін алға тартты.

«KazWaste» қалдықтарды реттеу Қазақстандық ассоциациясы» қоғамының жетекшісі Шынболат Байқұлов  бұл орайда, еліміз бойынша және «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қолға алынған жұмыстар мен жобалар жөнінде айтып, бүгінгі таңда Ақмола облысында қалыптасқан ахуалды алға тартып, істің оңға басуы үшін атқарылуға тиіс шаруалар туралы өз пікірін білдірді.

Онлайн режимінде кеңес жұмысына күн тәртібіндегі мәселеге қатысы бар мекемелер мен ұйымдар, аудандар әкімдері де қатысып, сұрақтарға жауап берді. Мәселен, Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушин ауданда 500 мың евроға бағаланған қалдық қабылдау полигонының қолға алынғанынан хабардар етті. Франциялық жобаның тиімділігі көп. Ол жерде арнайы ангар салынып, қалдықтарды жіктеу, өңдеу линиялары жұмыс істейтін болады. Қазір сол мақсатқа жер бөлінген. Құжаттар дайындалу үстінде.

Кеңес мүшелері Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевтан курортты аймақ, тазалық жөнінен мән-жайды, қалдық шығару орындарын сұрастырып, бұл аймақта тазалыққа аса қатты көңіл бөлуді тапсырды. Қосшы қаласы да қалдықты өңдеуді тазалық сақтаудың тиімді жолы ретінде қарап, бұл жұмыспен мақстатты түрде айналысуға кіріспек. Сондай-ақ, Целиноград ауданының әкімі есеп беріп, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаровтың хабарламасы тыңдалды.

Кеңес жұмысы көрсеткеніндей, экологияны сақтауда қордаланған мәселе көп. Рұқсат етілмеген жерге қалдық шығару өңірдің қай түкпірінде болса да кездеседі. Олардан шұғыл арылу керек. Әбден толып, сын көтермес жағдайда тұрған полигондар да бар. Қалдықтың зиянды әсерінен арылудың бір жолы – арнайы қалдық өңдеу заводтарын салу, арнайы техникалар, контейнерлер алу, завод жабдықтарын жеткізу. Ол үшін жер бөлініп, әлгіндей цехтарға қажет жабдықтар сатып алу, қаражат жобаларын, басқа құжаттарды дайындау керек. Көтерілген мәселелердің айтылған жерде қалуы, істің алға баспауының бір тетігі осында жатыр. Құжаттар уақтылы дайындалмайды. Ең бастысы, тұрғындарға, оқушыларға экологиялық тәрбие мақсатында тиімді жұмыстар жүргізілуі  тиіс.

Серік Сапарұлы,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар