Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзіміздің өнімдерді көбейтудеміз - АРҚА АЖАРЫ

Өзіміздің өнімдерді көбейтудеміз

60-қадам. Сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдердің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra және даниялық  Arla үлгісімен ұйымдастырылады.
61-қадам. Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау.

 

Елбасымыз бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» белгілеп берді. Мұнда Қазақстанды әлемдік дағдарыстың әсерінен сенімді түрде қорғайтын, біздің алға қарай жылжуымызға жәрдем беретін  бірқатар шаралар ұсынылады. Елімізде мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстарды жандандырып,  саланы бәсекеге қабілетті етіп, шет мемлекеттердің экспорттық тауарларын тиімді қолдану қажет. Бұл міндеттер Ақмола  облысының ауыл шаруашылығы саласына да қатысты екені даусыз. Оларды іске асыру үшін біздің де дайындығымыз бар. Мәселен, Шортанды ауданындағы «АгроТрейдТорг» серіктестігі сүт өндірісі және оны өңдеу бойынша ірі кәсіпорын құру арқылы сүт өңдейтін саланы дамыту жұмыстарын жүргізуде. Кәсіпорынды құруға сүт өндірісі мен сүтті өңдеуде әлемдік көшбасшыларының бірі –
германиялық «Meqqle AG» компаниясы қатысуда. Целиноград ауданындағы «Родина» Агрофирмасы» серіктестігінің тауарлы сүт фермасын ұлғайту межеленген.
Өткен жылы мемлекеттік қолдаудың шеңберінде аграрлық сектордағы барлық кешенді іс-шараларды орындауға 16,2 миллиард теңге инвестиция тартылды, бұл 2014 жылға қарағанда біршама артық. Ішкі және сыртқы азық-түлік нарығын қамтамасыз ету мақсатында қазіргі кезде мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Ірі қара малдың саны 2014 жылға қарағанда біршама өскен сондай-ақ, қой-ешкі мен құс саны да көбейді. Сүт, ет, жұмыртқа өндірісі артты. Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуеті жобасын іске асыру шеңберінде 2010-2015 жылдары  12 мың бастан астам ет және сүт бағытындағы ең жоғары өнімді асыл тұқымды мал сатып алынды.  Асыл тұқымды ірі қара малды көбейтумен айналысатын он тоғыз шаруашылық құрылды. Нәтижесінде асыл тұқымды ірі қара малдың үлес салмағы өсті. Бүгінгі таңда өңірдің үш ауданында ет өңдейтін кешенді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Бурабай ауданындағы «А-Лига-НС» серіктестігі жылына 1500 тонна ет өнімдерін өңдейтін зауыттың, сондай-ақ, «Астана миткомпании» серіктестігі 1300 басқа арналған шошқа кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Екі бройлер құс фабрикасын іске қосудың арқасында облыста құс етінің өндірісі  артты. Облыстың құс өсірушілері жұмыртқаны экспорттаумен қатар, Астана мен облыс қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандырып отырады. Бүгінгі таңда Бұланды ауданындағы «Макинск құс фаб-рикасы» серіктестігі бройлерлік құс фаб-рикасын, Шортанды ауданындағы «Белая Лилия» серіктестігі жылына 60 тонна қаз етін өндіретін ферма салып жатыр. Азық-түлік белдеуінің аясында 2015 жылы он төрт жобасы жүзеге асырылды, соның ішінде екі құс шаруашылығының  және сүтті мал шаруашылығының бір жобасы бар. 2016 жылы облыс Астана нарығын 52 пайызға дейін ет өнімдерімен, 48 пайызға дейін сүт өнімдерімен, жұмыртқамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы саласы дамуының негізгі басымдығы осы саладағы өндірісті қарқындату болып табылады, бұл ауыл шаруашылығы тауарлары өнімділігін арттырудың және оларды өндіруге кеткен шығындарды азайтудың арқасында жүзеге асырылады.
Өндіріс көлемін ұлғайту үшін мал шаруашылығын дамытудың нысаналы кредиттік бағдарламаларына қатысу белсенділігін арттыру қажет. «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша мал сатып алу және қуаттылығы әртүрлі 18 тауарлы-сүт фермасын құру  бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындау жөнінде міндеттер қойылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының қуатын арттыру қажет. Сүт өңдейтін кәсіпорындардың жүктелімін 65 пайызға дейін, ет өңдеуді 70 пайызға дейін ұлғайту межеленіп отыр. Инвесторлар тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстық әкімдікте инвесторларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша кеңес құрылды. Оның құрамына өңірдегі тиісті мемлекеттік органдардың басшылары, кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді. Биылғы жылы ірі шетелдік инвесторлар, дипломатиялық миссия және елшілік басшыларының қатысуымен халықаралық инвестициялық форум өткізу жоспарланған. Форум аясында «Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенін және Астана қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту», «Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында Қазақстанның транспорттық-логистикалық орталығын құру» және өзге де бірқатар ірі сессиялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, форум шеңберінде екіжақты кездесу өткізу, меморандумдарға қол қою межеленген. Өңдеуші салаға трансұлттық компаниялар тарту инвестициялық климатты, өңірдің тартымдылығын және Қазақстан тауарларының әлемдік рынокқа шығуын жақсартуға мүмкіндік береді.
                            Мұрат  БАЛПАН,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар